Шұғыла шағын ауданында 320 орындық балабақша ашылады

Шұғыла шағын ауданында 320 орындық балабақша ашылады Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Наурызбай ауданында әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары іске асып жатыр. Алдағы жылдары жаңа мектептер, балабақшалар мен емханалар салынып, аудан тұрғындары үшін қызмет жағы әлі де қолжетімді бола түспек. Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Наурызбай ауданының әкімі Назира Тоғызбаева осылай деп мәлімдеді.

2024–2025 оқу жылында Наурызбай ауданында әлеуметтік инфрақұрылым бойынша біраз жоба жүзеге аспақ. Қазір ауданда 33 000 оқушы тіркелген.  «Жайлы мектеп» жобасы аясында жаңа білім беру нысандары ашылып, жыл соңына дейін «Нұрлы Дала» тұрғын үй кешенінде 1500 орындық жаңа мектеп іске қосылады. Сонымен қатар, «Елімай» тұрғын үй кешені, Құрамыс пен Шұғыла шағын ауданында үш мектеп салынып жатыр. Соның арқасында ауданда 6000-нан астам жаңа оқушы орны пайда болмақшы.

«Жаңа білім беру нысандарын ашу – біздегі басым бағыттың бірі. Балаларымыз сапалы білім алуы үшін осы заманғы әрі қолайлы инфрақұрылым жасауымыз қажет», - деп атап өтті Назира Тоғызбаева.

Биыл қыркүйекте Шұғыла шағын ауданында 320 орындық балабақша ашылады. Сондай-ақ, 2025 жылдың соңына дейін тағы үш балабақша салынып бітпекші. Әрқайсысы 320 орынға арналған олардың екеуі – Құрамыс пен Шұғыла шағын ауданында, Қалқаман шағын ауданында 240 орындық балабақша тағы салынады.

«Мектепке дейінгі білім беруді дамыту – балаларымызға қолайлы жағдай жасау үшін керек. Әр баланың жаңа да жайлы балабақшаға баруына мүмкіндік жасау үшін жұмыс істеп жатырмыз», - дейді аудан әкімі.

Денсаулық сақтау саласында да маңызды жұмыстар қолға алынған. 2025 жылдың шілдесінде Құрамыс шағын ауданында күніне 500 адамды қабылдай алатын емдік-диагностикалық орталығы бар емхананың құрылысы басталды. Сонымен қатар, Ақжар шағын ауданында 200 адамға арналған алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының құрылысына арналған мемлекеттік сараптаманың қорытындысы қазан айында шығып қалады.

«Білім беру мен денсаулық сақтау – біздің жұмысымыздың негізгі екі бағыты. Жаңа мектептер, балабақшалар мен медициналық мекемелердің салынуы аудан тұрғындарының өмір сапасын арттыруға ықпал етеді», - деді Наурызбай ауданының әкімі Назира Тоғызбаева.

Сондай-ақ, Наурызбай ауданында екі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жоспарланып отыр. Шұғыла шағын ауданында нысанның 2026 жылдың тамызында пайдалануға берілмек, ал Ақжар шағын ауданында құрылыс жұмыстары қыркүйек айында басталады. Қазір жобалық-сметалық құжаттаманың әзірленуі аяқталып қалды, шілде айының соңына дейін мемлекеттік сараптаманың қорытындысы шығуы керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:10

17:37

17:20

17:12

16:32

15:17

15:14

14:31

14:20

13:16

13:03

12:28

12:26

12:24

12:22

12:21

12:02

11:32

11:16

10:54

10:51

10:33

09:37

09:05

20:59