AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ақтаудағы GTA: жүк көлігінің жүргізушісі полицейле...

Ақтаудағы GTA: жүк көлігінің жүргізушісі полицейлерден қашпақ болды

Әлеумет 29.07.2025, 13:03 866
Ақтаудағы GTA: жүк көлігінің жүргізушісі полицейлерден қашпақ болды
Сурет: видео скрині

Ақтауда тәртіп сақшылары жүк көлігінің қозғалысын жолға тікенді жолақ төсеп,тоқтатуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Аqshamnews.kz.  Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жағдай қалай болды?

Оқиға 29 шілдеде, түнгі сағат 01:30 шамасында Ақтаудағы "Өмірзақ" өндірістік аймағында болды. Полицейлер жолдан DAF маркалы жүк көлігін байқаған. Жүргізушінің күмәнді әрекеттері тәртіп сақшыларының назарын аударған. Олар көлік иесіне тоқтау туралы талап қойғанымен, жүргізуші қашып кетуге әрекеттенген.

"Қуғын кезінде ол қарсы бағытқа шығып, жол белгілерін елемей, жолда қауіпті жағдайлар туғызды", – деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Қуғынды тоқтату үшін полицейлер арнайы тікенді жолақ ("ёж") төсеп, көліктің қозғалысын баяулатып, тоқтатты. Жүргізуші дереу ұсталды.

Тәртіп бұзушы кім?

Анықталғандай, көлікті Түркістан облысының тұрғыны жүргізген. Ол жүк тасымалымен айналысатыны және көлікке тиісті құжаттары бар екені белгілі болды. Алайда ер адам медициналық куәландырудан бас тартқан.

Жүргізушіге қатысты келесі құқықбұзушылықтар бойынша материалдар жинақталды:

  • Полицияның заңды талабына бағынбау;

  • Маневр жасау ережесін және қарсы бағытқа шығу тәртібін бұзу;

  • Медициналық куәландырудан бас тарту;

  • Жол белгілерін елемеу және жолда апатты жағдай туғызу.

Қазіргі уақытта автокөлік айыптұраққа қойылып, іс материалдары сотқа жолданды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қашу #заң #жол #Жүк көлігі #ақтау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);