AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Астанадағы жаңа жұмыс кестесі: Еңбек министрлігі н...

Астанадағы жаңа жұмыс кестесі: Еңбек министрлігі не дейді?

Әлеумет 29.07.2025, 14:20 635 Сұлу
Астанадағы жаңа жұмыс кестесі: Еңбек министрлігі не дейді?
Midjourney

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің төрағасы Ерболат Әбілхатин жаңа жұмыс кестесінің тиімділігі туралы сауалға жауап берді, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

"Өткен айда Еңбек министрлігі жаңа жұмыс кестесіне көшті: 08:00-ден 17:30-ға дейін жұмыс істейді. Бұл шара қаншалық тиімді болды, бұрынғыдай 09:00-ден бастап жұмыс істейтін басқа ведомстволармен өзара іс-қимыл кезінде қиындықтар туындамады ма? Бұл қызметкерлердің өздеріне қалай әсер етті, қиындықтар болды ма?" деген сұрақ қойылды.

Комитет басшысы бұл өзгеріс Еңбек министрлігінің жұмысына оң әсерін тигізгенін мәлімдеді.

"Таңертең кептеліссіз жетіп аламыз, жұмыста сегізде болу үшін 07:30-да шығасың. Көшелер боп-бос, бұл жағы да оң әсер етті. Жұмыстан сағат 17:30-да шығады, адамдар отбасына көңіл бөле алады, жеке ісімен айналыса алады", - деді Ерболат Әбілхатин.

Шенеуніктің айтуынша, басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл кезінде де мәселелер туындамаған. Ол Астана Мәслихаты елорданың басқа мекемелерінің жұмыс режимін ауыстыру мәселесін де қарастырып жатқанын еске салды.

"Жұмыс беруші өзінің ыңғайына байланысты кесте жасайды. Ешқандай қолайсыздық туындаған жоқ, қызметкерлерден де шағым түспеді, керісінше олар ертерек кеткеніне қуанады", - деді ол.

Журналистер қыркүйекте сабақ басталатынын еске салып, балалары бар қызметкерлер бұл кезде не істейтінін сұрады.

Комитет төрағасының айтуынша, балаларын мектепке жеткізіп салуға немесе мектептен алып кетуге тура келетін қазақстандықтар жұмысқа ыңғайлы уақытта, мысалы таңғы сағат 9-10-да келе алады. Ең бастысы олар белгіленген 8 сағат жұмыс істеуі қажет.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#астана #жұмыс кестесі #Еңбек министрлігі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);