Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Баланың еміне деп ақша жинаған. Астанада отбасылық...

Баланың еміне деп ақша жинаған. Астанада отбасылық алаяқтық әшкереленді

Барлығы 29.07.2025, 11:16 638
Баланың еміне деп ақша жинаған. Астанада отбасылық алаяқтық әшкереленді
Сурет: видео скрині

Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қалалық департаменті баласының еміне деп елден ақша жинаған ерлі-зайыптыларға қатысты алаяқтық фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Аqshamnews.kz. 

Желідегі жалған жарнама

Тергеу нәтижелеріне сәйкес, ерлі-зайыптылар баласының видеоларын, эмоциялық жазбаларды және Instagram мен Facebook желілері арқылы агрессивті мақсатты жарнаманы пайдаланып, мыңдаған қазақстандықтардың жүрегін жібіткен. Олар азаматтардың сеніміне кіріп, бас-аяғы 1,3 миллиард теңгеден астам қайырымдылық қаражатын жинаған. Алайда, бұл қаржының тек 6,4 миллион теңгесі ғана баланың еміне жұмсалған. Қалған ақша олардың жеке мақсаттарына жұмсалғған. 

Агенттіктің мәліметінше, күдіктілер Астанадан үш пәтер, жер телімі және бес автокөлік сатып алған. Сонымен қатар, жиналған ақшаның бір бөлігін букмекерлік кеңсеге бәс тігуге пайдаланған.

Жиналған қаражат көлемін арттыру үшін ерлі-зайыптылар оның үштен бірін Meta Ads арқылы жарнамаға салған. Бұл олардың парақшаларының әлеуметтік желідегі ауқымын айтарлықтай кеңейтіп, қолданушылардан көбірек ақша аудартуға мүмкіндік берді.

Шетелде емделуді қолдан ұйымдастырған

Қаражат жинауға себептердің бірі – Түркиядағы LIV Hospital клиникасында 84 миллион теңге тұратын операцияның қажеттілігі туралы мәлімдеме болған. Алайда бұл сома жиналғанымен, шетелге сапар мүлде жүзеге аспаған.

Күдіктілер шетелге ұшқандай көріну үшін Instagram парақшаларында әуежайдан түсірілген бейнероликтерді жариялап, кейін "сәтті операция" туралы жалған жазба салған.

Мүлікті жасыру әрекеті

Алдын ала тергеу басталғаннан кейін, күдіктілер активтерді жасыруға тырысқан – жер телімін үшінші тұлғаға рәсімдеген. Бірақ тергеу барысында бұл мәміленің жалған екені анықталды.

Соттың санкциясымен қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған барлық мүлікке тыйым салынды. Қазіргі уақытта күдіктілер үйқамақта. Қылмыстық іс сотта қаралып жатыр. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бала #алаяқтық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Зеңгірге құлаш сермеген…

Бүгін 15:13

Шавкат Рахмоновтың әйеліне сот үкімі шықты: ол 5 жылға сотталды

Бүгін 15:07

Мұздатылған өнімдер экологияға қалай әсер етеді?

Бүгін 14:48

Алматыда өңірлік Травматология және ортопедия орталығы құрылады

Бүгін 14:45

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 14:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика