Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Даланың тынысы мен уақыттың үні

Даланың тынысы мен уақыттың үні

Барлығы 29.07.2025, 10:54 608
Даланың тынысы мен уақыттың үні
Сурет: aqshamnews.kz

Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде отандық суретші Сәкен Бектиярдың «Келте Алтын Ғасыр» атты көрмесі ашылды, деп хабарлайды Аqshamnews.kz. Бұл көрме бірнеше онжылдыққа созылған шығармашылық ізденістің, ішкі толғаныс пен көркемдік тәжірибенің нәтижесі деп отыр әріптестері.

Көрмеде суретшінің ойлау тәсілі мен көркемдік тілін жақынырақ тануға болады. Бұл жай ғана ретроспектива емес, бұл – уақыт, тағдыр, тән мен сызық туралы философиялық толғаныс. Сәкен Бектияр үшін сызық – даланың тынысы мен үні іспетті, сондықтан болар ол өз қолтаңбасын «графиканың музыкасы» деп атайды.

Суретші графика, кескіндеме және иллюстрация саласында еңбек етеді, визуалды медианы поэтикалық және музыкалық ойлау тәсілдерімен ұштастырады. Оның көркемдік тілі дәстүрлі академиялық мектептен тыс дамығанымен, суретші пластика мен композицияны нәзік сезіну арқылы пішінге ішкі серпін мен ырғақ дарыта алады.

"Экспозицияға ірі форматты кескіндемелермен қатар, тушпен және қарындашпен орындалған нәзік графикалық парақтар да енген. «Қыз қуу немесе жергілікті махаббат мерекесі», «Қара аққу», «Күміс сырғалы қазақ қызы» секілді серияларында дала мәдениетіне терең тамыр жайған халықтық архетиптер мен мотивтер көрініс тауып, бүгінгі заман тұрғысынан жаңаша пайымдалады. Кейінгі жылдары салынған «Шеңбер немесе үйлесімге ұмтылыс», «Атқамінер және оның олжасы» атты картиналарда суретші ұжымдық бейсаналық пен далалық визуалды жадыға жүгінеді", – дейді көрме жетекшісі, музейдің «Қазақстан бейнелеу өнері» бөлімінің ғылыми қызметкері С.Сырғабаев.

Түстік палитрасы қанық қара және охра түстерінен бастап, ашық сұр мен бозғылт қызғылт реңктерге дейін алмасып отырады. Бұл түстер – суретшінің сезімді жеткізу амалы, сипаттаудан гөрі ықпал ету құралына айналған. 

Өнертанушы Надежда Полонская суретші жайлы: «Оның сурет салғаны – ән айтқандай, ал ән салғаны – тыныс алғандай... Мұны көру керек, сөзбен жеткізу қиын», – дейді.

Сәкен Бектияр Kenbee лақап атымен де танымал. Ол Алматыдағы «Tengry Umai» галереясындағы жеке көрмесінен бастап, Германия, Испания, Черногория және Ұлыбританиядағы (соның ішінде Лондондағы Victoria and Albert музейінде) көптеген халықаралық жобалар мен арт-резиденциялардың қатысушысы. Бүгінде суретшінің туындылары әлемнің түрлі елдеріндегі жеке коллекцияларда сақтаулы.

Экспозиция тамыздың 1-не дейін жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#музей #өнер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Махаббат пен парыз арасындағы тартыс: Алматыда «Шідер» детектив-драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 18:38

Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:17

Алматыда World Schools Team Championship 2026 Азия кезеңі басталды

Бүгін 17:23

Алматы қаласының Ботаникалық бағында танымдық эко-тренинг өтті

Бүгін 17:18

Мобильді аударымдар тексеріледі: нені білу керек?

Бүгін 16:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика