Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Наурызбай ауданында 80-нен астам абаттандыру жобас...

Наурызбай ауданында 80-нен астам абаттандыру жобасы іске аспақ

Әлеумет 29.07.2025, 12:24 710
Наурызбай ауданында 80-нен астам абаттандыру жобасы іске аспақ
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Наурызбай ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы мен қалалық бастамалардың арқасында жылдың соңына дейін 80-нен астам абаттандыру, көгалдандыру мен инфрақұрылымды дамыту жобасы жүзеге асады. Өңірлік  коммуникациялар қызметінде аудан әкімі Назира Тоғызбаева осылай деді.   

«2024 жылы «Халық қатысатын бюджет» арқылы 10 қоғамдық кеңістік пен екі аулаға 2,5 миллиард теңге бөлінді. Ол қаржы тротуар салып, автосуару жүйесін орнатып, көгалдандыру мен жарықтандыруға, асфальт төсеп, қоршау орнату жұмыстарына жұмсалды. Биыл қаржыландыру көлемі сақталды, қазір тұрғындардан түскен 1300-ден астам ұсыныстың арасынан іріктеліп алынған  34 жаңа жоба іске асырылып жатыр», - дейді Назира Тоғызбаева.

Қазір Шұғыла тұрғын үй кешенінде жаяу жүргіншілер жолын абаттандыру мен қоқыс алаңдарының құрылыс каркастарын орнатып жатыр. Жандосов көшесінде жолды кеңейтіп, тротуарлар салып, автосуару жүйесін құру жұмыстары қолға алынды. Тастыбұлақ өзенінің бойында ұзындығы 1,4 шақырым болатын жаяу жүргіншілер жолы жасалып жатыр.

Жыл соңына дейін Алатау даңғылы мен Сәбденов көшесін абаттандырып, Жандосов көшесінен Ақсай өзеніне дейінгі Сапожников өзенінің арнасын нығайту мен Қарғалы өзенінің Райымбек даңғылына дейінгі жағалауын абаттандыру жағы жоспарланған.

Сонымен қатар, Абай даңғылы мен Қонаев, Алатау, Әшімов, Шаляпин сияқты үлкен-үлкен көшелерде сәндеп жарықтандыруды қолға алмақ.

Қалалық «Дизайн-код» концепциясы аясында 20 көпқабатты үйдің қасбетін жөндеу жұмыстары басталды. Сонымен қатар, өткен жылмен салыстырғанда жөнделетін аулалар саны үш есеге артып, 16-дан 47-ге дейін көбейген.

Аудан әлеуметтік инфрақұрылымды да белсенді түрде жаңартып жатыр. Жеңістің 80 жылдығына орай №187 мектеп аумағы абаттандырылып, «Мәңгілік алау» монументі орнатылды. Ақжар шағын ауданы мен Зиманов көшесінде балалар мен спорт алаңдарына күрделі жөндеу жасалды. Айтматов көшесінде жаңа қоршау орнатылып, арық жүйесі мен спорт жабдықтары жаңартылды. Қосымша бөлінген 200 миллион теңге Қарғалы, Абай, Райымбек, Карьерная мен басқа да көшелер бойынша жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді.

Усиков көшесінде сырғымалы және су тасқыны қаупі бар аумақтарды нығайту жұмыстары аяқталды, бұл күшті жауын-шашын кезінде оқыс оқиғаның алдын алуға мүмкіндік береді.

«Барлық жұмыстар қаладағы жайлы орта концепциясы аясында жүзеге асырылып, тұрғындардың қолдауымен жүргізіліп жатыр. Біз ауданымызды абаттандырып қана қоймай, оны қауіпсіз етуге де тырысып жатырмыз», - деп атап өтті Назира Тоғызбаева.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Наурызбай ауданы #дизайн-код
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

8848 театры – «Бақыт үлкен болмайды» атты жаңа премьераны көрерменге ұсынбақ...

Бүгін 18:02

Доллар бағамы төмендеді

Бүгін 17:27

Зейнетақыдан 20 пайыз ұсталады деген рас па?

Бүгін 17:18

Алматы қорығындағы қоңыр аюлар ерте оянды

Бүгін 17:06

Алматылық гимнасттар 20 медаль жеңіп алып, командалық есепте бірінші орын иеленді

Бүгін 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика