AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Алматыда репродуктивті денсаулық аптасы өтеді

Алматыда репродуктивті денсаулық аптасы өтеді

Не? Қайда? Қашан? 12.05.2025, 15:12 728 Bakyt
Алматыда репродуктивті денсаулық аптасы өтеді
Сурет ЖИ

Алматыда жасөспірімдер мен жастарға тегін әрі жасырын көмек көрсететін жастардың 14 орталығы жұмыc істейді
 
Мамыр айының 12-16 аралығында, Президенттің жанындағы  Ұлттық комиссияның қолдауымен Қазақстанда республикалық репродуктивті денсаулық аптасы өтпек. Бұл бастамаға Алматы да қосылды. Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі пресс-конференцияда алдағы осы аптаның  қалай өтетінін айтты, деп хабарлайды  aqshamnews.kz   

Алматы мәслихатының депутаты, әкімнің гендерлік мәселе жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Айгүл Шалбаеваның айтуынша, Алматы бұл акцияны қолдап қана қоймай, үлкен іс-шаралар да өткізбек. 

«Мектептерде, колледждер мен оқу орындарында қазір әртүрлі кездесу мен ашық есік күндері өтіп, дәрігерлер қарап, лекциялар өтіп, жасөспірімдермен, олардың ата-анасымен, мұғалімдермен сөйлесіп жатырмыз. Бұл құлақтандыру жұмысы ғана емес, денсаулыққа жауапты қарауға шақырып, осыған қоғамның назарын аудармақпыз», - дейді Айгүл Шалбаева.  

Эксперттер мұндай іс-шараны өткізудің пайдасы көп екеніне тоқталды. Зерттеуге қарағанда, АИТВ туралы жасөспірімдердің 9 пайызы ғана толық білсе, әркімнің айтқанына сеніп, адасып жүрген 60 пайызы одан қалай сақтанып, жүктіліктен қалай қорғану керектігін мүлдем білмейді.  

«Біз осыны ашық айтып,  көзін ашқымыз келеді қоғамның. Бұл жұмысқа мамандарды, дәрігерлерді, жүргізушілерді, еріктілерді, БАҚ өкілдері мен ата-аналарды да тартып жатырмыз сондықтан. Чат-боттар, цифрлық ресурстар арқылы, халықпен бетпе-бет кездесіп, БАҚ арқылы да осыны жан-жақты түсіндіруді қолға алдық қазір», - деді депутат. 

Жастар денсаулығы орталықтарында ашық іс-шаралар, лекциялар өтіп, жасөспірімдермен әңгімелесіп, оларға осы жүктілік жасы, психикалық көңіл-күйі туралы жан-жақты ақпарат беріледі.   
 
Қалада қазір терапевт, гинеколог, уролог, дерматолог, әлеуметтік қызметкер, заңгер сияқты 128 маманы бар осындай 14 орталық жұмыс істеп жатыр. 

«Орталықтар «4-Д» негіздемесімен жұмыс істейді. Яғни, барынша ашық болып, бір-біріне деген сенім қалыптасады онда. Бұл деген МӘМС аясында тегін қызмет көрсету, сыр ақтарып, жастарды мазалаған мәселе туралы ой бөлісіп, сұқбаттасу деген сөз», - дейді, Алматының Қоғамдық денсаулық басқармасының ЖДО-ны дамыту жөніндегі үйлестірушісі Дина Құсайынова. 

Жастар денсаулығы орталығында мынандай қызмет көрсетеді: 
 
- Контрацепция, отбасын жоспарлау, АИТВ, ЖЖЖИ туралы кеңес береді;
- Жұқпалы ауруды анықтап, оны емдеуді;   
- Зорлыққа ұшырағандарға қолдау көрсетуді;  
- Адамның көңі-күйіне қарай кеңес беріп, әлеуметтік бейімдеуді;  
- Заңгердің көмегі; 
- Аурудың алдын алу, лекциялар мен тренингтер өткізу, оның ішінде СӨС байланысты мәселелер де бар.

Жастар денсаулығы орталығында арт-терапияның, өзіне қол жұмсауға бейім тұратын адамдарға қол ұшын беретіндердің, жүктілерге тренинг жасайтындар мен көпшілікке кеңес беретін психологтардың орны ерекше.     
 
«Орталықта бұдан бөлек 4-ші буындағы жаңа тест-жолақпен АИТВ-ға да тест тапсырады. Тестілеу үш кезеңнен тұрады. Олар – басында, іс-шарадан кейін, сосын СПИД орталығына жібергенде», - дейді Дина Құсайынова. 
 
Жастар жағы нақты бір емханаға бекітілмей-ақ, орталыққа келіп қарала берсе болады. Бәрін құпия ұстағысы келгендердің жеке басы туралы мәлімет еш жерде жарияланбайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жастар #Алматы #денсаулық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37

Алматы тұрғындары құрамында сынабы бар 480-ден астам шам мен құрылғыларды қайта өңдеуге тапсырды

Бүгін 15:51

«Ұлттық ұлан – патриотизм мен батылдық мектебі»: 5571 әскери бөлімінде ашық есік күні өтті

Бүгін 14:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);