AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда жазушы Герольд Бельгерді еске алу кеші өт...

Алматыда жазушы Герольд Бельгерді еске алу кеші өтеді

Әлеумет 28.10.2022, 05:59 1,061
Алматыда жазушы Герольд Бельгерді еске алу кеші өтеді
Сурет: Forbes.kz

Герольд Бельгер 1934 жылы 28 қазанда дүниеге келген.


31 қазан күні Алматыда жазушы, аудармашы, публицист, эссеші және әдебиеттанушы Герольд Бельгерді еске алу кеші өтеді. Бұл шараға жазушының достары мен жақындары, серіктері мен шәкірттері қатысады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Аталмыш шара Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде өтеді. Белгілі қазақстандық прозашы, публицист, аудармашы Герольд Бельгердің тағдыры мен шығармашылығына арналған еске алу кешіне достары мен жақындары, серіктері мен шәкірттері, дипломатия өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен құрылымының өкілдері, зиялы қауым мен қоғам қайраткерлері, сондай-ақ, ЖОО студенттері мен БАҚ өкілдері және «Возрождение» Алматы неміс этно-мәдени қоғамының, «Wiedergeburt» немістер кеңесінің өкілдері қатысады деп күтілуде.


Тақырыпқа орай


Герольд Бельгер:


Біздің тұрақтылық деп жүргеніміз – жай ғана тоқырау


Адамды қалай болса, солай, қаз-қалпында қабылдау керек. Әйтпесе, оны көрместей боп кетуің мүмкін.


***


Мені қазақстандық демократияның «айрықша жолы» алаңдатады. Бұл – өз-өзін алдау, нонсенс. «Айрықша жол» жайлы айтылып жатса, сол деп біл. Тығырық. 


***


Біздің биліктің ойынша, нағыз отансүйгіш дегеніміз – зейнетке бір жыл қалғанда дүние салған адам. 


***


Ығына жығылғыштық – міне көп зиялыларымыздың бүгінгі ұраны. 


***


«Төменгі» деңгейдегілердің ақша жымқырғанына көзжұмбайлық жасаса болады.  Ал «жоғарғы» жақ ұрласа, қазақша айтқанда, түйені түгімен, биені бүгімен жұту дегеннің нақ өзі болмақ – қоғам бір үлкен жарылысты күтіп отыр. 


Бақытты құл – азаттықтың асқан жауы.


***


Орыстың боғауыз сөзі өзгенің аузынан шықса, жұмсарып кетеді. Кейде тіпті мейірімге толады. Қазақ жазушысын білемін, оқушы қызының шашын өріп отырып: «Өй, айналайын…. твою мать!» деп еркелетіп отыратын.


***


Менің толқынымның тұрмыстық сатылары: әуелі – физикалық тұрғыдағы күнкөріс қамы, сосын – рухани тұрғыдан аман қалу қамы, енді – қарапайым күнкөрістің жанталасы.


***


Ешкімнің ештеңеде шаруасы болмаса, істі кім тындырмақ?!


***


Көкжайлау — сақтауға, қастерлеуге тиіс Құдайдың ғаламат жаратылысы.  Ең алдымен, оны сақтап қалу жайын қазақтар, замандастарымыз, алматылықтар ойлауы керек. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Герольд Бельгер #Қазақстан #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жолдарда су тасқынына дайындық жүргізіліп жатыр

Бүгін 17:09

Алматылықтар ұлттық киім киіп, Наурызды мұз айдынында атап өтіп жатыр

Бүгін 16:59

Наурыз мейрамы қарсаңында қосымша пойыздар қосылады

Бүгін 16:56

Алматы тұрғыны SIM-карталарды тіркеу схемасына қатысқаны үшін сотталды

Бүгін 16:30

Алматыдағы форумда жастардың жаңа Конституцияны қабылдаудағы рөлі айтылды

Бүгін 16:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика