ffin.kz

Алматыда инклюзивті қалалық орта құру жұмысы күшейтілді

Алматыда инклюзивті қалалық орта құру жұмысы күшейтілді Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Б.Жаубасов қалада инклюзивті орта құру жөніндегі бағдарламаның іске асырылу барысы туралы айтты.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың желтоқсан айында Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен инклюзивті ортаны дамыту жөніндегі кеңес құрылды. Кеңес отырыстары қала әкімі Ерболат Досаевтың төрағалығымен өтеді. Кеңестің құрамына барлық тұрғындар үшін, оның ішінде, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін тең мүмкіндіктер жасау жөніндегі жұмысты үйлестіретін ҮЕҰ және сарапшылар қоғамдастығының өкілдері кіреді, деп хабарлайды aqsahamnews.kz.

«Біздің мақсатымыз — сапалы әлеуметтік қолдауға, ыңғайлы инфрақұрылымға және лайықты жұмыспен қамтуға қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, қала өміріне толыққанды қатысу үшін жағдай жасау», — деп атап өтті Б.Жаубасов.

2024 жылы мүгедектігі бар адамдарды қолдауға жергілікті бюджеттен 15 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл протездер, арбалар, есту аппараттары және басқа да қажетті құрылғылар сияқты техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету құралдары. Бүгінгі жағдай бойынша оңалту қызметтерімен 34 940 адам қамтылды, бұл жоспарланған көрсеткіштің 80,4% -. құрайды. Жыл соңына дейін жоспардың 95 %-ын орындау жоспарланып отыр. 

Мүгедектігі бар адамдар үшін қалалық инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады. 2024 жылы 15000 инфрақұрылым нысанына төлқұжат тапсырылды. 2025 жылға дейін тұрғын үйлерді, қоғамдық кеңістіктерді және аялдама кешендерін қоса алғанда 32 500 нысанды паспорттауды аяқтау жоспарлануда, бұл оның барлық тұрғындары үшін қалалық ортаның қолжетімділігін едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жағдайлар жасалуда. Алматыда бүгінгі таңда мүгедектігі бар 29,5 мың еңбекке қабілетті адамның 9,5 мыңы жұмысқа орналастырылды. 2024 жылы тұрақты жұмыс орындарына 1 731 адам орналастырылды, ал 2027 жылға қарай жаңа «Jobcoach» жобасы арқылы 500 адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда, ол мүгедектігі бар адамдардың жұмысқа орналасуының барлық кезеңдерінде, бос жұмыс орнын іздеуден бастап жұмыс орнында бейімделуге дейін көмек көрсетеді. Бұл жоба Берлиннің табысты жұмысқа орналасу тәжірибесіне негізделген және қызметкерлер мен жұмыс берушілерге көмектесетін арнайы оқытылған тәлімгерлердің жұмысын қамтиды. 2025 жылы 300 адамды, 2026 жылы 400 адамды және 2027 жылы 500 адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда.

Мүгедектігі бар адамдарды тиімді әлеуметтендіру үшін қалада «Ten Qogam» мүгедектігі бар адамдарды қолдау орталығы, «Тәуелсіз өмір мектебі», «Кресло-арбаларды жөндеу орталығы», «Әлеуметтік интеграция орталығы» сияқты әлеуметтік жобалар іске асырылуда. Әлеуметтік жобалармен 213 млн. теңге сомасына мүгедектігі бар 7 мыңнан астам адам қамтылды.

Сонымен қатар, 2024 жылы Алматыда «Инватакси» санын 100 автомобильге дейін арттыруға 1,1 млрд теңге бөлінді. 2025 жылы паркті  130 көлікке дейін кеңейту жоспарлануда. Сондай-ақ, «Яндекс Такси» пилоттық жобасы іске асырылуда, бұл мұқтаж адамдардың қамтылуын 1,5 мыңнан 2 мың адамға дейін арттыруға мүмкіндік берді.

Сондай-ақ, Б.Жаубасов Қазақстанда үш жасқа дейінгі дамуында кемістігі бар балаларға қолдау көрсететін алғашқы Ерте араласу орталығы құрылғаны  туралы айтты.

«Бағдарлама дамуында кешеуілдеу бар балаларды ерте анықтау мен алдын алуды, сондай-ақ осындай отбасыларды қолдауды қамтамасыз етеді. Білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау органдарының, сондай — ақ үкіметтік емес ұйымдардың ведомствоаралық өзара іс-қимылының арқасында біз халықаралық тәжірибеге негізделген балаларға көмек көрсетудің кешенді жүйесін қалыптастырдық», - деп толықтырды ол.

Алматыда «Инклюзивті Алматы 2025-2030» тұжырымдамасы белсенді түрде әзірленуде, ол әкімдіктің мүгедек адамдарды қолдау жөніндегі жұмысының барлық бағыттарын біріктіреді.

Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде 280 адамға арналған инновациялық оңалту құралдарына 1,4 млрд теңге бөлу көзделген. Қазірдің өзінде 235 адам мамандандырылған техникалық құралдармен қамтамасыз етіліп, жыл соңына дейін тағы 45 адамды қамту жоспарлануда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

06:45

18:22

18:22

18:05

17:54

17:27

17:20

17:01

16:46

16:26

16:08

16:02

15:41

15:26

15:13

15:06

15:00

14:49

14:39

14:08

12:59

12:56

12:48

12:46

12:42