Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Білім сапасы бойынша ауыл мен қала мектептері арас...

Білім сапасы бойынша ауыл мен қала мектептері арасында алшақтық азайған

Білім және ғылым 03.12.2024, 12:13 1,605
Білім сапасы бойынша ауыл мен қала мектептері арасында алшақтық азайған
Сурет: Оқу-ағарту министрлігі
PISA халықаралық зерттеулері ауыл мектептеріндегі білім сапасы артып келе жатқанын көрсеткен. 
 
Елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасымен ауыл мектептерінің әлеуетін арттыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Осы бағыттағы жұмыстардың қорытындысы туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында баяндады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.
 
Мигнистрдің сөзінше, бүгінде Қазақстанда 8 мыңға жуық мектеп жұмыс жасауда, оның ішінде 67%-ы ауыл мектебі. Айта кету керек, ауыл мектебінің әрбір екіншісі - шағын жинақты.

Оқушылардың 40% ауыл мектебінде білім алады. Сондықтан үкімет ауыл мектептерін дамыту, олардың материалдық-техникалық базасын нығайту және қала мен ауыл мектептерінің арасындағы алшақтықты азайтуға аса мән беруде.

«Ауыл мен қала мектептері арасындағы білім сапасындағы алшақтықтың азайғанын PISA халықаралық зерттеулері айқындап отыр. Дегенмен PISA-2018 нәтижелерімен салыстырғанда, 2022 жылғы математикалық және жаратылыстану сауаттылығы бойынша айырмашылық көрсеткіші 4-5 балға дейін қысқарды, ал оқу сауаттылығы өзгеріссіз қалды», - деп атап өтті Ғани Бейсембаев.

Естеріңізге сала кетейік, математикалық сауаттылық бойынша PISA-2018-де қала мектептері мен ауыл мектептері арасындағы білімдегі алшақтық – 22 балды құраса, PISA-2022-де алшақтық 18 балға төмендетілді. Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша 2018 жылы алшақтық 31 балды құрады, ал 2022 жылы ол 26 балға дейін азайтылды. Осылайша, халықаралық зерттеулер ауыл мектептерінде білім беру сапасының артып келе жатқанын айғақтайды.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауыл мектептері #қала мектептері #алшақтық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Ұлттық ұлан әскери қызметшілері сенбілікке белсене қатысты

Бүгін 18:49

Қала тазалығы – ортақ жауапкершілік: Алматыда мәдениет саласының өкілдері сенбілікке белсенді қатысты

Бүгін 16:55

Алматылықтар «Желтоқсан» саябағында сенбілікке қатысты

Бүгін 14:45

Болашақтың саясында өткен мереке: Алматыда «Тамырлас» жобасы басталды

Бүгін 14:19

ІІМ басшысы Сәденов Алматыдағы жол апатына қатысты бірқатар мәлімдеме жасады

Бүгін 14:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика