Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда тазалық апталығында көшелерден 10 мың тек...

Алматыда тазалық апталығында көшелерден 10 мың текше метрден астам қоқыс шығарылды

Әлеумет 03.12.2024, 11:43 748
Алматыда тазалық апталығында көшелерден 10 мың текше метрден астам қоқыс шығарылды
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда 25-30 қараша аралығында «Таза Қазақстан» жалпы республикалық бағдарламасы және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында күзгі және қысқы маусымның аяқталуына орайластырылған ауқымды тазалау жұмыстары жүргізілді.

Көше-жол желісі, қоғамдық орындар, өзен арналары, көше урналары және арық желісі қамтылды.

Тазалық апталығы аясында қалалық коммуналдық қызметтер қаланы суыққа және қарға дайындауды аяқтады. Қысқы кезеңде қалаға қызмет көрсету үшін 841 бірлік техника мен 1 400 жол жұмысшысы тартылатын болады. Жұмыстарды тиімді жүргізу үшін «Алматы тазалық» МКК автопаркі 32 заманауи машинамен толықтырылды. Санитарлық тазалау жалпы ауданы 25,1 млн шаршы метр 2 777 км 2 318 көшені қамтиды.

Күн сайын 80 бірлік техника мен 320 жұмысшы арық желісінен шамамен 160 текше метр сметаны, лай мен қоқысты шығарады. Шығарындылар негізінен пластиктен және жапырақтардан тұрады.

«Eco Almaty» ЖШС әл-Фараби даңғылынан Сәтбаев көшесіне дейінгі учаскеде Үлкен Алматы өзендерінің арналарын; әл-Фараби даңғылынан Шевченко көшесіне дейінгі учаскеде Есентай, сондай-ақ Алматы қаласының шегінде ұзындығы 19,2 км Д. Қонаев атындағы ҮАК тазартты. 

Бұдан басқа, «Таза Қазақстан» тұжырымдамасына сәйкес әзірленген жаңа ережелер аясында бүгінде 2 мыңға жуық кәсіпкер абаттандыру паспорттарына қол қойды. Бұл шаралар алматылықтар мен қала қонақтары үшін қолайлы, қауіпсіз және экологиялық жағдай жасау стратегиясының бір бөлігі болып табылады.

Жалпы, бүгінде 10 493,5 текше метр қоқыс, оның ішінде 4 408 текше метр жапырақтар жиналды.

Гүлзарларда, саябақтарда және басқа да қоғамдық орындарда тәртіп орнату жөніндегі іс-шараларға белгілі мәдениет қайраткерлері, спортшылар, жастар және белсенді қала тұрғындары қатысты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #тазалық апталығы #Таза Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық балуандар 12 алтын медаль алды

Бүгін 18:30

2027 жылы қазақстандық оқушылар жаңа тест тапсырады

Бүгін 17:50

Қазақстанда «Мейірімділік апталығы» басталды

Бүгін 17:23

«Жаңа ғасыр» театрына Асанәлі Әшімұлының есімі беріліп, «Үздік логотип» байқауы жарияланды

Бүгін 16:45

Алматы әкімдігінде тұрғын үйлердің қасбетін жаңарту бағдарламасы егжей-тегжейі таныстырылды

Бүгін 16:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика