AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы кәсіпкерлері үшін «Даму» қоры арқылы бизнес...

Алматы кәсіпкерлері үшін «Даму» қоры арқылы бизнесті қолдаудың жаңа құралдары қолжетімді болды

Барлығы 16.04.2025, 11:34 672 dulatbekova
Алматы кәсіпкерлері үшін «Даму» қоры арқылы бизнесті қолдаудың жаңа құралдары қолжетімді болды
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

«Даму» қоры бірыңғай шарттармен және кепілдіктермен бизнесті қолдаудың жаңа шараларын ұсынды

Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында «Даму» қоры филиалының директоры Жандос Нұрғазинов мемлекеттік қолдаудың жаңа шараларын таныстырды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Бұл шаралар қаржыландырудың қолжетімділігін кеңейтуге және шағын бизнестен бастап ірі компанияларға дейінгі бизнестің барлық санаттары үшін жағдайларды жеңілдетуге бағытталған.

2024 жылдан бастап қор нарығы мен әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту үшін микробизнесті, ШОБ пен ірі бизнесті қамтитын бірыңғай кешенді бағдарлама жұмыс істейді. Әр бағыттың басым салалары, кредиттер бойынша лимиттері және 7% - дан 10% - ға дейінгі сараланған пайыздық мөлшерлемелері болады.

«Қазіргі уақытта мемлекеттік қолдау шараларын кеңейту жоспарлануда, оның ішінде түпкілікті қарыз алушы үшін 12,6% деңгейінде бірыңғай тиімді мөлшерлеме белгілеу көзделіп отыр. Бұл шара бизнеске серпін беруге, нақты сектор кәсіпорындарына қаржыландыру нарығын бұрмаламай, әділ мөлшерлеме ұсынуға, сондай-ақ бюджетке түсетін жүктемені азайтып, субсидиялау тәжірибесінен біртіндеп бас тартуға бағытталған», – деді Ж. Нұрғазинов. 

Бұған қоса, Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Үкіметпен, екінші деңгейлі банктермен және басқа да инвесторлармен бірлесіп, ШОБ пен ірі бизнес жобаларын несиелеу үшін кепілдік беру қорлары іске қосылды.

Кепілдік беру қорлары шағын және орта бизнеске (ШОБ) келесі шарттармен қолдау көрсетеді:

несие сомасы 7 млрд теңгеге дейін;
кепілдік мөлшері несие сомасының 85%-ына дейін, бірақ 3,5 млрд теңгеден аспайды;
кепілдік мерзімі - қаржыландыру мерзімімен шектеледі;
кепілдік құны - жылдық 1,5%.

Ірі бизнес жобалары үшін ұсынылатын шарттар:

несие сомасы 7 млрд теңгеден жоғары;
бастамашының қатысуы - жоба құнының кемінде 20%-ы;
кепілдік мөлшері 30%-ға дейін; 
кепілдік мерзімі 15 жылға дейін;
кепілдік құны - жылдық 2%.

«Кепілдік қайтарымсыздық пен шартсыздық қағидаттары бойынша ұсынылатын болады, бұл қаржы ұйымдары үшін құралды тартымды етеді», – деп атап өтті спикер.

Бүгінгі таңда «Даму» қорына барлық өтінімдер онлайн-режимде қабылданады. 2019 жылы Online-Damu жеке цифрлық платформасы іске қосылды, соның арқасында ішкі процестерді автоматтандыруға және жеделдікті едәуір арттыруға мүмкіндік туды. Нәтижесінде өтінімдерді қарау мерзімі 21-ден 5 жұмыс күніне дейін қысқарды.

«Даму» қоры Қазақстанның кәсіпкерлік экожүйесін дамытуда маңызды рөл атқарады. Оның міндеті – қаржылық және қаржылық емес қолдау құралдарын ұсыну ғана емес, сонымен қатар бизнесті барлық кезеңдерде – микродан бастап ірі компанияларға дейін кешенді сүйемелдеу. Мұндай қолдау жұмыс орындарын құруға, қолайлы бизнес-ортаны дамытуға және ел экономикасын әртараптандыруға ықпал етеді», – деп атап өтті Ж. Нұрғазинов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Даму қоры #Кәсіпкерлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Кеше 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Кеше 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Кеше 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Кеше 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Кеше 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);