AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Деректер не дейді? Қазақ өмірімен байланысты қызық...

Деректер не дейді? Қазақ өмірімен байланысты қызықты деректер

Әлеумет 08.11.2025, 10:15 638
Деректер не дейді? Қазақ өмірімен байланысты қызықты деректер
Сурет: Ege

8 қараша - елімізде Ұлттық статистика күні. Бұл күн қоғамның тынысын сандармен сипаттайтын мамандардың кәсіби мерекесі.

Статистика - бұл жай ғана есеп емес. Ол елдің экономикасын, тұрмыс деңгейін және күнделікті өмір салтын көрсететін айна іспетті. Aqshamnews.kz осы атаулы күнге орай, ресми статистикадан тыс қазақстандықтардың өмір салтын сипаттайтын бірнеше қызықты фактілерді ұсынады. Елімізде көп мәселе дастархан басында айтылып, сол жерде бас қосады. Сондықтан халқымыздың сүйікті дәмі мен сусыны жайлы жөн көрдік. 

Қазақтың сүйікті сусыны - шай

Bigpicture.ru деректеріне сүйенсек, Қазақстан әлемдегі ең көп шай ішетін он елдің қатарына кіреді.

Біздің еліміз бұл тізімде 10-орында тұр: әрбір қазақстандық жылына орта есеппен 1,54 кг шай тұтынады.

Ел тұрғындарының 99%-ы күн сайын шай ішеді, ал олардың жартысы күніне төрт немесе одан да көп кесе ішетінін мойындайды.

Зерттеуші М.Я. Киттары XIX ғасырда-ақ қазақтардың шайды "уақыт пен орынға қарамай ішетінін" жазған. Расында, шай – қазақ қонақжайлығының символы.

Ет - қазақ дастарханының басты тағамы

ҚР Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2024 жылдың үшінші тоқсанында елде жан басына шаққанда 20,5 кг ет пен ет өнімдері тұтынылған. 

Етті ең көп тұтынатын аймақ - Жамбыл облысы (23,6 кг), ең төмен көрсеткіш - Шымкент (15 кг).

Worldpopulationreview мәліметіне сәйкес, Қазақстан ТМД мен Орталық Азия елдері арасында жан басына шаққандағы ет тұтыну бойынша үшінші орында:
Беларусь - 94,5 кг
Ресей - 81,7 кг
Қазақстан - 70,2 кг

Статистика - ел өмірінің айнасы

Қазақстанда ресми есеп жүргізу ісі бір ғасырға жуық тарихқа ие.

ХХ ғасырдың басында қағаз сауалнамалар мен арифмометрлер қолданылса, бүгінде деректер нақты уақыт режимінде жиналып, жасанды интеллект арқылы өңделеді.

Бүгінгі таңда:
мемлекеттік органдармен 19 интеграция іске асқан;
36 әкімшілік дереккөзі қолданылады;
94% респондент есепті онлайн түрде тапсырады.

Интернет-дүкендер мен фискалдық чектерден алынатын парсинг жүйесі бағаның өзгерісін нақты уақытта бақылауға мүмкіндік береді. Ал деректерді талдауға жасанды интеллект көмектеседі. 

Сандар мен пайыздардың артында – халықтың өмір салты, талғамы және дәстүрі тұр.

Шай мен ет жайлы статистика – бұл тек тұрмыс көрсеткіші емес, қазақ мәдениетінің цифрлық көрінісі.

Сондықтан Ұлттық статистика күні – тек есеп жүргізушілердің мерекесі емес, сонымен бірге елдің шынайы бейнесін көрсететін күн.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#статистика күні #қызық деректер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы әскери институтта мектеп оқушылары үшін Ашық есік күні өтті

Кеше 17:36

Түркияда тоғызқұмалақ, бестемше және мангала ойындарынан халықаралық жарыс басталды

Кеше 17:17

Қазақстандық дзюдошылар ел қоржынына 5 қола салды

Кеше 16:28

Алматының сегіз ауданында 10 мыңға жуық тұрғынның қатысқан жергілікті сенбіліктер өтті

Кеше 15:57

Алматыда Карьерная көшесінде тұрғындар мен коммуналдық қызмет өкілдерінің қатысуымен сенбілік өтті

Кеше 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика