ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл сыйлыққа 400-ден астам өтініш келіп түскен, деп хабарлайды aqshamnews.kz
Шорт-листке 44 үміткер енді. Жұмыстар 11 номинация бойынша ұсынылды, оның ішінде "Жылдың үздік журналисі", "Үздік репортаж", "Үздік жаңалықтар сайты" және басқалары бар.
Жеңімпаздарға естелік мүсіншелер мен 1 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйлық берілді.
Сондай-ақ "Үркер – 2025" ұлттық сыйлығының арнайы марапаттары да табысталды.
Арнайы сыйлықты "Казахстанская правда" республикалық газеті – басылымның 105 жылдығына орай, Kazinform ақпарат агенттігі – 105 жылдық мерейтойға орай, Zakon.kz интернет-басылымы – Жұмысшы мамандықтары жылына арналған арнайы аталым бойынша иеленді.
2017 жылдан бері "Үркер" ұлттық сыйлығына 4200-ден астам жұмыс ұсынылды, олардың 440-ы шорт-листке енді. Осы уақыт ішінде "Үркер" естелік мүсіншесі 133 үздік отандық БАҚ өкіліне табысталды, олардың жұмыстары журналистиканың түрлі салаларында жоғары бағаланды.
"Үркер - 2025" ұлттық сыйлығының жеңімпаздары:
Жылдың үздік сұқбаты: Бауыржан Карипов – Qaz365.kz ақпараттық агенттігі
Жылдың үздік репортажы: Иван Сухоруков – Tengrinews.kz сайты
Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал: Тамара Вааль – Vlast.kz сайты
Жылдың үздік журналистік зерттеуі: Майра Ерғали – "Атырау" газеті
Жылдың үздік аналитикалық материалы: Илья Пащенко – "Казахстанская правда" газеті
Радиостанциядағы үздік жоба: "Нысана" – "Шалқар" ұлттық радиоарнасы
Жылдың үздік фотосуреті: Игорь Бургандинов – "Казахстанская правда" газеті
Жылдың үздік жаңалықтар порталы: Adyrna ұлттық порталы
Үздік өңірлік БАҚ: "Астана ақшамы" газеті
Жылдың үздік подкасты: Qstar Group
Жылдың үздік YouTube-арнасы: Эксперты KZ.