AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматының халықаралық беделі артып, қалаға келетін...

Алматының халықаралық беделі артып, қалаға келетін туристер легі көбейіп келеді

Барлығы 08.11.2025, 15:01 437 yakiya
Алматының халықаралық беделі артып, қалаға келетін туристер легі көбейіп келеді
Алматы әкімдігі

Алматыға шетелдік және ішкі туристер тарапынан айтарлықтай қызушылық артып отыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бұл маркетингтік науқандар нәтижесімен, әуе қатынасының кеңеюімен және халықаралық көрмелерде белсенді жұмыстармен дәлелденіп отыр. Бұл жөнінде Алматының Туризм басқармасының өкілдері хабарлады.

Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында Алматыға келген қонақтар саны айтарлықтай көбейген. Екінші тоқсанның өзінде қалаға 1,1 миллионнан астам турист келген. Оның ішінде 323,5 мыңы – шетелдік, ал 816,5 мыңы – ішкі туристер. Шетелдік келушілер арасында Үндістан (56,2 мың адам) мен Қытай (54,1 мың адам, өткен жылмен салыстырғанда өсім – 33,4%) көш бастап тұр. Сонымен қатар, туристердің негізгі легі Түркия (17,9 мың), Оңтүстік Корея (9,7 мың), АҚШ (9,6 мың), БАӘ (6,7 мың) және Германиядан (6,4 мың) келіп отыр.
 
Туризм басқармасы өкілдерінің айтуынша, халықаралық туризмнің дамуына жаңа әуе бағыттарының ашылуы (жаңа рейстердің ашылуы мен әуе компанияларымен жасалған меморандумдар), сондай-ақ салалық көрмелердегі таныстыруға бағытталған жұмыстар мен әуежайдағы промо-акциялар (брендтелген кәдесыйлар мен ақпараттық материалдарды тарату, жаңа рейстер іске қосылған кезде «Тәтті сыйлық» акциясы және т.б.) себеп болған.

2025 жылы Алматы CNN арнасының нұсқасы бойынша ең үздік туристік бағыттардың бірі деп танылып, Booking.com платформасының трендтік рейтингтеріне енді. Бұл да қаланың халықаралық деңгейдегі танымалдығын арттыра түсті.

Бұған қоса, Алматыда халықаралық инфо-турлар мен іскерлік B2B-кездесулер жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді. Тек бес ірі көрмеге (Гуанчжоудағы GITF, Шанхайдағы ITB, Сеулдегі SITF, Гонконгтағы ITE, Бейжіңдегі BITE) қатысу нәтижесінде шетелдік серіктестермен 150 келісім жасалды. Бұл келісімдер болашақта шамамен 159 мың турист тартуға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#туризм
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Бүгін 15:07

BilimClass электрондық журналы 25 мамырға орай ерекше науқан бастады

Бүгін 14:43

Енді несие беру табысқа қарай шектелуі мүмкін

Бүгін 14:10

Алматыда журналистердің арасында үстел теннисінен жарыс өтті

Бүгін 14:08

Алматыда алғашқы түнгі Almaty Glow Ride велошеруі өтеді

Бүгін 13:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);