AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы әкімі робототехника және жасанды интеллект...

Алматы әкімі робототехника және жасанды интеллект саласындағы стратегиялық ынтымақтастықты бастау мақсатында AgiBot компаниясының негізін қалаушының бірімен кездесті

Барлығы 08.11.2025, 10:18 597 yakiya
Алматы әкімі робототехника және жасанды интеллект саласындағы стратегиялық ынтымақтастықты бастау мақсатында AgiBot компаниясының негізін қалаушының бірімен кездесті
Алматы әкімдігі

Шанхай қаласына жасаған жұмыс сапары аясында Алматы әкімі Дархан Сатыбалды AgiBot компаниясының негізін қалаушы және техникалық директоры Пэн Чжихуэймен (Peng Zhihui) кездесті. Ол – жаңа буынның жетекші робототехника инженерлерінің бірі.

Сапар барысында Алматы қаласы Цифрландыру басқармасы, Astana Hub және AgiBot (Шанхай, ҚХР) арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Құжат робототехника мен жасанды интеллект бағыттарындағы озық шешімдерді дамытуға, сондай-ақ Алматыны embodied AI және сервистік робототехника бойынша Орталық Азиядағы негізгі орталықтардың біріне айналдыруға бағытталған.

AgiBot – 2023 жылы құрылған робототехника компаниясы. Ол “Embodiment + AI” платформасын дамыта отырып, Yuanzheng, Lingxi және Genie атты гуманоидты және сервистік роботтар желілерін шығарады. Компания әлемдік нарықта қарқынды дамып келе жатқан ойыншылардың қатарында, инвесторларының арасында Sequoia, Baidu Ventures, Tencent, BYD, TCL және LG Electronics бар.

Тараптар Алматыда Robotech R&D зертханасын құру, қалалық ортада роботтарды оқытуға арналған «деректер фабрикасын» іске қосу, логистика, өнеркәсіп, медицина және білім беру салаларында пилоттық жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ робототехника мен жасанды интеллект саласында кадрлар даярлау жөнінде келісім жасасты.

Аталған серіктестік Қазақстан мен Қытай арасындағы жоғары технология саласындағы ынтымақтастықты дамытуда маңызды қадам болмақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әкім #робот
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);