Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Алматыда «Даму» қоры 20 мыңнан астам бизнес-жобаға...

Алматыда «Даму» қоры 20 мыңнан астам бизнес-жобаға 2,2 трлн теңге бағыттады

Экономика 16.04.2025, 11:29 869
Алматыда «Даму» қоры 20 мыңнан астам бизнес-жобаға 2,2 трлн теңге бағыттады
Cурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры филиалының директоры Жандос Нұрғазинов жұмыс қорытындылары мен мегаполис кәсіпкерлері үшін жаңа қолдау шаралары жайында айтып өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz. 

Оның айтуынша, қызмет басталғаннан бері қор жалпы сомасы 2,2 трлн теңгеге 20,4 мыңнан астам жобаға қолдау көрсетті, оның 85% - ы микро және шағын бизнеске тиесілі.

«Қор қолдаған кәсіпорындар бүкіл кезең ішінде 16 619,9 млрд теңгеге өнім өндіріп, ал төленген салық көлемі 1 242,5 млрд теңгені құрады. 140 мыңнан астам жұмыс орны сақталып, жаңадан ашылды. Осылайша, салынған әрбір 1 теңге 5 теңге мөлшерінде салық ретінде қайтарылады», – деп атап өтті Ж. Нұрғазинов.

Қала әкімдігімен бірлесіп іске асырылатын «Almaty Business/Jana Business» бағдарламасына ерекше назар аударылды. Бағдарлама аясында ШОБ өкілдеріне жылдық 7% мөлшерлемемен, 7 жылға дейінгі мерзімге және 100 млн теңгеге дейінгі сомаға несие беру ұсынылады. 2015 жылдан бастап бағдарламаға 32,5 млрд теңге бағытталды, ал ағымдағы жылы тағы 3 млрд теңге бөлу жоспарлануда. 

Бағдарлама аясында 852 кәсіпкерге қолдау көрсетіліп, жалпы сомасы 124,9 млрд теңгеге несие берілді. Соның нәтижесінде 1 214 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, бюджетке 100,7 млрд теңге салық түсті.

Нұрғазинов кәсіпкерлермен «Даму» қорынан қолдау алу туралы кеңестерімен бөлісті.

«Қор шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға бағытталған бірқатар құралдарды ұсынады. Олардың қатарында басым бағыттар бойынша 200 млн теңгеге дейінгі несиелерге пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, кепілдік беру, жеңілдетілген несиелеу және жобалардың тиімділігін бақылау бар. Қолдау алу үшін кәсіпкер банкке өтінім тапсырып, мақұлдаудан өтіп, қажетті құжаттарды «Даму» қорына ұсынады. Кейін банкпен және қор өкілдерімен үшжақты келісімшартқа қол қойылады», – деп түйіндеді ол.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #даму #кәсіпкерлікті дамыту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының JOLDA театры Германиядағы халықаралық фестивальге қатысты

Бүгін 17:27

Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстаннан кімдер бақ сынайды?

Бүгін 17:14

БҚО-да оқушылар мінген автобус апатқа ұшырады

Бүгін 16:54

Ұлттық өнердің ұлағатты жолын жалғаған жыршы

Бүгін 16:34

Марал Анарбекқызы: арманнан туған өнер

Бүгін 16:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика