AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Қытайдан Алматыға туристік ағынды арттыруға бағытт...

Қытайдан Алматыға туристік ағынды арттыруға бағытталған меморандумға Бейжіңде қол қойылды

Әлем 09.11.2025, 11:38 360
Қытайдан Алматыға туристік ағынды арттыруға бағытталған меморандумға Бейжіңде қол қойылды
Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының Бейжің қаласына жасаған жұмыс сапары барысында China Professionals-Workers International Travel Service Head Office (CPITS) компаниясының өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу нәтижесінде туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Құжат Қытай Халық Республикасынан Алматыға жыл сайын 50 мыңға дейін туристер ағынын ұйымдастыруды және үйлестіруді көздейді. Келісім екі жақты туризмді дамытуға, мәдени байланыстарды нығайтуға және Алматыны Орталық Азиядағы жетекші туристік бағыттардың бірі ретінде ілгерлетуге бағытталған. Алдын ала есеп бойынша, бір қытайлық туристің қонақүйге орналасу, тамақтану, экскурсиялар және сатып алуларға жұмсайтын шығыны орта есеппен 1 500 АҚШ долларына барады.

Осылайша, 50 мың турист қабылдаудан күтілетін экономикалық әсер жылына шамамен 75 млн АҚШ доллары болмақ. Бұл қаланың экономикасы, қызмет көрсету саласы және шағын бизнес үшін айтарлықтай серпін береді. 

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды меморандумның маңыздылығын атап өтті: «Алматы өңірдегі туристік картада әрдайым жетекші орынға ие. Қытайдан келетін қонақтарды тартуда үлкен әлеует бар екенін көріп отырмыз. Бұл келісім ұзақ мерзімді серіктестікке және өзара тиімді ынтымақтастыққа негіз болады деп сенеміз», деді ол.

CPITS — Қытайдағы ең ірі туроператорлардың бірі. Компания Алматыға ұйымдастырылған туристік топтарды қалыптастыру және туристік бағдарламаларды ілгерлету жұмыстарын жүзеге асырады. Келісімді іске асыру алдағы туристік маусымда басталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#туризм
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Нұрлан Байбазаров Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

Бүгін 14:14

Ерболат Досаев Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан босатылды

Бүгін 14:11

Серік Сәпиев тағы бір лауазымға ие болды

Бүгін 13:20

Алматыда «Nauryz Sale» ауқымды мерекелік акциясы өтті

Бүгін 13:03

Қанат Ислам Бокс федерациясында басшылық қызметке тағайындалды

Бүгін 12:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика