AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 13 өңірге ауа райына байланысты ескерту жасалды

13 өңірге ауа райына байланысты ескерту жасалды

Әлеумет 09.11.2025, 10:15 418
13 өңірге ауа райына байланысты ескерту жасалды
Сурет: istockphoto.com

"Қазгидромет"  9 қарашада Астана мен еліміздің 13 облысына дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Ақмола облысында жауын-шашын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 10 қарашада түнде қар, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар күтіледі. Жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 09 қарашада оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. 10 қарашада солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Көкшетау қ.: 09 қарашада кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 10 қарашада түнде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 09 қарашада оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, күші 15-20 м/с. 10 қарашада солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі. Тараз қ.: 08 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, облыстың оңтүстігінде 23 м/с күтіледі. Павлодар қ.: 09 қарашада жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысының батысында тұман күтіледі.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с Жезқазған қ.: 09 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде аздаған жауын-шашын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік бөлігінде екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с. Қарағанды қ.: 09 қарашада түнде аздаған жауын-шашын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Көктайғақ, жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.

Астанада кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 10 қарашада кей уақыттарда қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 09 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз кей уақыттарда екпіні 23 м/с. 10 қарашада солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, қөқтайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 23 м/с. Петропавл қ.: 09 қарашада жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, қөқтайғақ, тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 09 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақтөбе облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтөбе қ.: 09 қарашада оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Қостанай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Көктайғақ, жаяу бұрқасын. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 23 м/с. Қостанай қ.: 09 қарашада жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Өскемен қ.: 09 қарашада жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, екпіні 15-18 м/с.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с. Семей қ.: 09 қарашада түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Түркістан қ.: 09 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Нұрлан Байбазаров Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

Бүгін 14:14

Ерболат Досаев Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан босатылды

Бүгін 14:11

Серік Сәпиев тағы бір лауазымға ие болды

Бүгін 13:20

Алматыда «Nauryz Sale» ауқымды мерекелік акциясы өтті

Бүгін 13:03

Қанат Ислам Бокс федерациясында басшылық қызметке тағайындалды

Бүгін 12:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика