AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / «Құқықтық дәріхана» жобасы алматылықтарға өз құқық...

«Құқықтық дәріхана» жобасы алматылықтарға өз құқықтарын қорғауға және құқықтық сауаттылығын арттыруға көмектеседі

Барлығы 12.10.2025, 12:22 483 Дана САДЫРҚАН
«Құқықтық дәріхана» жобасы алматылықтарға өз құқықтарын қорғауға және құқықтық сауаттылығын арттыруға көмектеседі
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласының прокуратурасы халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Құқықтық дәріхана» атты әлеуметтік жобаны жүзеге асыруды жалғастырып келеді. Бұл бастама 2025–2030 жылдарға арналған «Заң және Тәртіп» идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасы аясында іске асырылуда және өз тиімділігін дәлелдеп үлгерді. 2025 жылдың маусым айынан бастап жоба аясындағы кеңес беру орындары қаланың үш сауда-ойын-сауық орталығында жұмыс істейді. Бүгін кезекті акция «Dostyk Plaza» сауда орталығында өтті. Мұнда әрбір қала тұрғыны прокуратура қызметкерлерінен тегін құқықтық көмек ала алды. — Біз жобаны биылғы маусым айында бастадық, осы уақытқа дейін мыңнан астам өтініш қабылдадық, — деді Алматы қаласы прокуратурасының бөлім бастығы Әділ Қарымсақов. Оның айтуынша, азаматтар түрлі мәселелермен жүгінеді. Мәселен, алимент төлеу міндеттемелері, қылмыстық істердің тергелуі және алаяқтық, әсіресе интернет арқылы жасалатын алаяқтықтар бойынша шағымдар көп түседі екен. Алаяқтар өздерін банк немесе мемлекеттік орган қызметкерлері ретінде таныстырып, адамдарды алдап соғады. – Біз, әсіресе, қарт азаматтарға өз деректерін бермес бұрын және аударым жасамас бұрын туыстарымен кеңесуге кеңес береміз, – деп атап өтті Әділ Қарымсақов. «Құқықтық дәріхана» жобасы азаматтар мен прокуратура өкілдерінің тікелей байланыс алаңы ретінде ұйымдастырылған. Үш сағат бойы заңгерлер сұрақтарға жауап беріп, арыз жазуға көмектесіп, өтініштерін сол жерде тіркей алады. Басты мақсат – халыққа жақын болу, әсіресе мемлекеттік органдарға сирек жүгінетін және қайда бару керек екенін білмейтін адамдарға көмек көрсету. Жол-көлік оқиғасына қатысты мәселе бойынша кеңес алған алматылық Серафима Зиновьева өз пікірін былай білдірді: – Маған бәрін егжей-тегжейлі түсіндіріп берді, қандай қадамдар жасау керегін айтты. Енді өз азаматтық құқықтарымды қалай қорғау керегін білемін. Бұған дейін тек жеке заңгерлерге жүгінетінмін, ал прокуратурадан тегін кеңес алып, өте риза болдым, – деді тұрғын. Тұрғынның айтуынша, мұндай бастамалар қоғам үшін өте маңызды. Өйткені, көптеген адам өз құқығын білмейді. Осындай жобалар мәселені шешуге үміт сыйлап қана қоймай, құқықтық сауаттылықты арттырады. Алматы қаласының прокуратурасы жобаны жалғастырып, акциялардың географиясын кеңейтуді жоспарлап отыр. «Құқықтық дәріхана» көптеген адамға қол ұшын созды, ал тұрғындардың өтініштері күн санап артып келеді. Бұл – қолжетімді құқықтық көмектің қоғамға аса маңызды екенін дәлелдейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#дәріхана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Бүгін 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Бүгін 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Бүгін 18:39

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды

Бүгін 18:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);