ffin.kz

Алматы әкімдігі жолдарды жөндеу және көпірлерді реконструкциялау бойынша баспасөз турын өткізді

Алматы әкімдігі жолдарды жөндеу және көпірлерді  реконструкциялау бойынша баспасөз турын өткізді almaty-akshamy.kz

Қаладағы жолдар мен көпірлерді жөндеу, гранит плиткаларын алу – журналистер ағымдағы жылдың 10 шілдесіндегі баспасөз туры барысында Алматы көшелеріндегі жөндеу жұмыстары және олардың не үшін қолға алынғандығы туралы білді. Алматы әкімдігінің өкілдері барлық мәселені толық айтып берді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



Алматының 15 көшесінде алғаш рет жаңа заманауи жабын қолданылуда


Алматының қалалық мобильділік басқармасының (ҚМБ) басшысы Сағындық Телібаевтың айтуынша, жол құрылысында 15 магистральды көше бар, олардың жалпы ұзындығы 44 км:әл-Фараби, Тілендиев, Байзақов, Абай, Тұрғыт Өзал, Саин, Төле би, Шаляпин, Манас, Қалдаяқов, Құрманғазы, Жұмалиев, Шағабутдинов, Досмұхамедов, Түркебаев. Бұларды жөндеу барысында асфальт құрамына полимер пайдаланылды.


Ол өте берік, битумды жууға төзімді, сонымен қатар жол төсемінің қызмет ету мерзімін ұзартады, құрамында полимер бар асфальт қыфста өте төзімді.



Полимерасфальтбетон 150-160оС температурада төселеді. Оны қолданудың бір ерекшелігі бар- полимердің тиісті қаттылығын, беріктігін қалыптастыру үшін орта есеппен 36 сағат  қажет. Сонда оның төзімділігі артады әрі жол қозғалысы болмауы тиіс. Қазір  орташа жөндеу жүріп жатқан көшелерде көлік қозғалысының толығымен жабылуы сондықтан.



"Бұл полимерлі жол кәдімгі қиыршық тас-мастикалық асфальтбетонға қарағанда 10 есе төзімді. Биыл біз қала бойынша алғаш рет полимерлі асфальтбетон төсеп жатырмыз. Нормативтік талаптарға сәйкес, асфальтбетон 40оС дейін салқындаған жағдайда ғана қозғалысты бастауға болады. Осы кезде асфальтбетон жабынының қаңқасы қалыптасады, ол өзінің беріктігін арттырады, содан кейін жол тегіс болады. Сондықтан тұрғындардан жүргізіліп жатқан жол жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймын: егер біз сапалы жолдармен жүріп, оларды пайдаланғымыз келсе, онда осы нормативтік талаптардың барлығы сақталуы тиіс", – деп түсіндірді Сағындық Телібаев.




Бұл магистральдық көшелер 2008 – 2015 аралығында жөнделген еді. Мәселен, әл-Фараби даңғылындағы жол жабынын жөндеу тек 2010 жылы жүргізілді. Жалпыхалықтық регламентке сәйкес, Алматы қаласының жол-климаттық аймағын ескере отырып, орташа жөндеудің қызмет ету мерзімі 5 жылды құрайды. Полимерді қолданудың арқасында, сарапшылардың пікірінше, қызмет ету мерзімі 8-10 жылға дейін ұзарады.


Сағындық Телібаевтың айтуынша, 2023 жылы әкімдік ұзындығы 200 км-ден асатын 230 көшені орташа жөндеуді жоспарлауда. Ағымдағы жылы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автожолдардың үлесін былтырғы 86%-дан 89%-ға дейін,  ал 2025 жылға қарай 95%-ға дейін көтеру жоспарлануда.


Алматыда барлығы 2746 көше бар, көше-жол желісінің ұзындығы 3097 км.



ҮАК ауданындағы көпірді жөндеу осы аудан тұрғындарының өтініші бойынша жүзеге асырылуда


Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаров БАҚ өкілдеріне Сейфуллин даңғылының Үлкен Алматы каналымен (ҮАК) қиылысындағы көпірдің ағымдағы жөнделуі туралы айтып берді.


Көпір нысаны өткен ғасырдың 80-ші жылдарында салынған. Содан бері мұнда жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Әр жылдары жүргізілген ағымдағы жөндеу  барысында сынған, тозған плиталар ішінара қалпына келтірілді.




"Тұрғындар осы нысанға назар аударуды бірнеше рет  сұрады, өйткені оның  эстетикалық  келбеті нашарлады әрі қауіп төндірді. Көпірдің баспалдақтары мүлдем ескірген. Бұл көпірдің тарихи құндылығы бар және оны ретке келтіру және оны пайдаланатын тұрғындар үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажет болды", - деп атап өтті ол.




Нысанды тексерген кезде гранит плиталарының ыдырағаны, түрлі ақаулардың пайда болғаны анықталды, тірек қабырғаларының гранит плиталары қабыршақтанған. Мұның бәрі жаяу жүргіншілер үшін қауіпті. Сондықтан нысан жөнделуде, алынған плиталар тазартылып, бастапқы орнына қойылуда.


Көпірді әрлеу жұмыстарына екі түрлі материал қолданылады: оң жағында-қатты гранитті тастар, сол жағындағы Сейфуллин даңғылының жүру бөлігінде  қалыңдығы 20 мм кесілген гранит плиталар.


Беті жарықшақтанған тұтас массивті гранитті тастар ауыстырылмайды: олар тазалау және тегістеу үшін алынады, содан кейін олар осы учаскеде қайта пайдаланылады. Сейфуллин даңғылының жүріс бөлігін қаптау үшін қолданылатын қалыңдығы 20 мм кесілген плиталардың ақаулары бар. Мұндай ақаулы плиталар ұқсас плиталармен ауыстырылады. Бөлшектелген және ауыстырылған плиталардың жалпы саны 25%-дан аспайды.



Есентай үстіндегі көпір апатты жағдайда болды


 Сағындық Телібаевтың айтуынша, бұрын әл-Фараби көпірінде кептелістер жиі болатын. Сондықтан мұндағы жолақтар санын алтыдан сегізге дейін көбейту туралы шешім қабылданды: екі бағытта төрттен. Бұған жаяу жүргіншілер мен велосипедшілерге арналған жеке көпір құрылымдарын салу арқылы оның кеңеюі арқасында қолжеткізуге болады. Реконструкциялауға дейін жаяу жүргіншілер өткелі негізгі көпір құрылысы арқылы ұйымдастырылды, бұл әл-Фараби даңғылындағы көлік қозғалысының жылдамдығын 80 км/сағ болғанын ескерсек, әрине өте қауіпті.



«Реконструкцияны бастамас бұрын, 2022 жылы сауалнама жүргізілген еді.  Сауалнама көпір құрылысының апатты жағдайда екенін көрсетті. Биыл оқу маусымы аяқталғаннан кейін біз реконструкциялауды бастадық. Көпір құрылысын реконструкциялау үш кезеңде жүзеге асырылады: қазір тегістеу  жұмыстары жүргізілуде, содан кейін гидрооқшаулау  қолға алынады, соңыра асфальт жабыны төселеді. Көпірде барлығы  96 діңгек бар. Бүгінде олардың 27-і ауыстырылды", - деді Сағандық Телібаев.




әл-Фараби даңғылындағы Есентай өзені арқылы өтетін көпірді реконструкциялау барысында өте заманауи полимер  пайдаланылуда, соның арқасында жол жабынының қызмет ету мерзімі 1,5–2 есе артады.



Алматы қаласының әкімдігінде атап өткендей, мегаполисте қозғалыс шектелген жолдар мен көпірлерді жөндеу бойынша барлық жұмыстар ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін аяқталатын болады.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:00

10:53

10:51

10:37

10:13

10:04

09:54

09:53

09:38

09:35

09:05

08:58

08:49

08:05

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41