Алматыда 69 адам Гонгконг тұмауын жұқтырған

  • 11:51, 03 желтоқсан 2025
Алматыда 69 адам Гонгконг тұмауын жұқтырған depositphotos.com

Алматыда жедел респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) мен Гонгконг тұмау өршіп тұр. 32 456 науқас ЖРВИ жұқтырған. Ал Гонгконг тұмауы бойынша қаладағы эпидахуал қандай? Аqshamnews.kz анықтап көрді. 

Ауруханаға жатқызылғандар саны қанша?

Дәрігерлердің айтуынша, ЖРВИ жұқтырған 415 адам ауруханаға жатқызылған, олардың ішінде 49 жүкті әйел және 1 жасқа дейінгі 61 сәби бар. Пневмония диагнозымен 71 адам стационарға түскен, оның 12-сі - 14 жасқа дейінгі балалар, біреуі - бір жасқа да толмаған. 

Жаңа эпидмаусым басталғаннан бергі көрсеткіштер қандай?

Жаңа эпидмаусым басталғалы (қазан мен қараша аралығы - еск.) қалада 173 428 науқас ЖРВИ жұқтырған. Бұл былтырғы көрсеткіштен 16,8 пайызға жоғары. 

Қарашадан бастап 3340 адам ЖРВИ-мен ауруханаға жатқызылған: 

  • оның ішінде 363 жүкті әйел;
  • 464 бір жасқа дейінгі бала бар.

Пневмониядан 591 науқас емделіп жатыр, олардың қатарында жүкті әйелдер де (4 адам), 14 жасқа дейінгі балалар да (108 жағдай, соның 26-сы - емізулі сәбилер) бар.

Мектептегі ахуал қандай? 

Дәрігерлердің айтуынша, мектептердегі жағдай әзірге бақылауда. Қазаннан бастап Алматыдағы 178 мектепте 1930 ЖРВИ жағдайы тіркелген. 

"Мектептерде таңертеңгі және ауысымдық сүзгі жүргізіліп, ЖРВИ мен тұмаудың белгілері бар балалар мен қызметкерлер анықталып, үйіне жіберіліп отырады", - деді Алматы Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.  

Қандай вирустар айналымда жүр?

Вирустардың құрамы да әдеттегі маусымдық көріністі көрсетіп тұр. Қарашадан бері қалада:

  •  A/H3N2 типті Гонгконг  тұмау,
  • риновирус,
  • парагрипп,
  • аденовирус,
  • маусымдық коронавирус қатар айналымда жүр.

Гонгконг тұмауына қатысты ахуал қандай?

Эпидөсу кезеңінде A/H3N2 Гонгконг  тұмауын 69 адам жұқтырған. Бұл зертханада расталған, олардың барлығы тұмауға қарсы екпе алмағандар.

Ведомство мәліметінше, вирусты негізінен жүкті әйелдер (25 жағдай), жұмыс істейтін және істемейтін ересектер, зейнеткерлер, студенттер, мектеп оқушылары мен балабақшадағы балалар жұқтырған.

Барлық науқас ем қабылдап жатыр, дәрігерлер олардың жағдайын қанағаттанарлық деп бағалады.

ДДСҰ Гонгконг тұмауына қатысты қандай болжам айтады?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Солтүстік жартышарда алдағы күз-қыс маусымында А/H1N1/pdm09 және А/H3N2 тұмау вирустары, сондай-ақ В типті вирус қатар айналымда болады деп болжайды. Соның ішінде А/H3N2 штаммының басым болуы және алғашқы апталарынан-ақ өршуі мүмкін екені айтылған. 

Эпидмаусым басталар алдында Алматыда 254 115 адам тұмауға қарсы вакцина алған. 

Дәрігерлер әзірге дүрлігудің қажеті жоғын, бірақ денсаулыққа ерекше назар аударуды ұсынады. Уақтылы вакцинация, үй-жайды жиі желдету, көпшілік орындарда маска тағу, қол жуу, ауырып қалғанда жұмысқа, мектепке бармай, дәрігер шақыру керегін ескертеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:20

12:12

11:51

11:20

11:00

10:44

10:29

10:14

09:57

09:45

09:36

09:19

09:09

08:56

08:50

21:37

17:53

17:42

17:33

17:24

17:02

16:54

16:42

16:31

16:10