конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Career Day»: Алматыда  бос орындар жәрмеңкелері қ...

«Career Day»: Алматыда  бос орындар жәрмеңкелері қалай өтті 

Әлеумет 11.07.2023, 08:58 1,110 Almaty-akshamy.kz. 
«Career Day»: Алматыда  бос орындар жәрмеңкелері қалай өтті 
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Алматының 8 ауданында жастарды жұмысқа орналастыру  мақсатында  «Career Day» бос орындар  жәрмеңкесі өтіп 26 мыңнан астам жасты қамтыды. Бұл  туралы Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Жастар  саясаты басқармасының өкілдері мен қалалық  Мансап орталығының мамандары кеңірек айтып берді. 



«Мансап  күндері жұмыссыз жастар, ЖОО, колледж және мектеп түлектері қатарынан 26 мыңнан  астам  жасты екен қамтыды, кәсіби тағылымдамаға 3800 адам және одан әрі жұмысқа орналасумен 4900 адам шақырылды. Қаланың үздік спикерлері түрлі шеберлік сағаттарын өткізді»,  - деді  қалалық  мансап  орталығының өкілі Асқар  Азаматов. 



«Career Day»-ге барлығы 850 ірі компания қатысты, олар 10 мыңнан астам бос  орын  ұсынды. Сонымен  қатар,  35 ЖОО мен  83-тен  астам колледждер,  спикерлер және кәсіби бағдарланған мамамандар қатысты. 



«NEET жастарының жұмыспен қамтылуы және олардың үлесін азайту қаланың жастар саясатының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Себебі,  жастарды дамытуды қолдау жөніндегі Жол картасының негізгі индикаторы жыл сайын 10 мың жасты жұмысқа орналастыру болып табылады», - деді Жастар саясаты басқармасы басшысының орынбасары Әзиз Қажденбек.



Спикер атап өткендей, Жастар саясаты басқармасы Цифрландыру басқармасымен бірлесіп «Jobfair 365» тегін цифрлық платформасының тест нұсқасын іске қосты.



«Платформаның міндеттері жастар арасынан жұмыс берушілер мен жұмыс  ізденшілерді біріктіру, сондай-ақ артық әкімшілік кедергілерді болдырмау болып табылады. Бұл тәсілді жасау  туралы бастаманы жоғары оқу орындарының мансап орталықтарының басшылары көтерді. Бүгінде Қазақстан Республикасының 20 өңірінен 500 жұмыс беруші тіркелген, олар 1500 бос жұмыс орнын орналастырды, оның ішінде ең сұранысқа иелері: көлік және логистика саласындағы 257 бос жұмыс орны және өндіріс және ауыл шаруашылығы саласындағы 222 бос жұмыс орны», - деп толықтырды спикер.



Сонымен қатар, Басқармада жастардың жұмыссыздығымен күресу үшін 4 өзекті мамандық бойынша: қызмет көрсету саласында ,IТ-мамандықтар бойынша, қолөнер мамандықтары бойынша және soft skils бойынша жастарға арналған қысқа мерзімді курстар іске қосылды.



«Жаңа дағдыларды игеру жастарға перспективалы және қызықты мамандықты таңдауға, жұмыс табуға, қоғамдағы тәуелсіз өмірге бейімделуге және өзін-өзі жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда 3850 жас 14 курс бойынша оқыды», - деп атап өтті Ә Қажденбек. 



Басқарманың мәліметінше, Алматыда 14-35 жас аралығындағы 682 мың жас немесе тұрғындардың жалпы санының 32% - ы тұрады. Қаланың 35 жоғары оқу орны мен 83 колледжінде 255 мыңнан астам студент оқиды. Осы  жылы алдын ала деректер бойынша ЖОО-лар 42 мыңға жуық, ал колледждер 20 мыңға жуық студент бітіреді. Бұл ретте, өткен жылдардағы тәжірибе бойынша түлектердің 80% - ы Алматыда жұмыс табуға тырысады, ал бітіргеннен кейінгі бірінші жыл ішінде 10 мыңға жуығы жұмыссыздар қатарында болады. Биылғы I тоқсанда NEET санатындағы жастардың үлесі жастардың жалпы санынан 8,3% құрайды (53 мыңнан астам жас).

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бос орын #жәрмеңке #жұмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚР жаңа Конституциясы және білім экономикасына көшу: ғылым мен жоғары білімді дамытудың стратегиялық басымдықтары

Бүгін 18:30

Алматыда жаңа Конституцияның күшіне енуі мемлекеттік тулармен, арт-перформанстармен және бұқаралық акциялармен атап өтілді

Бүгін 17:40

Адами капиталды дамыту мемлекеттің стратегиялық басымдығына айналды – Қазақстанның жаңа Конституциясы күшіне енді

Бүгін 17:36

Жаңа Конституция – жаңа кезеңнің берік тұғыры

Бүгін 17:23

Түркі әлемі апталығы аясында Түркі мәдениеті және мұрасы қоры «Бірінші Түркологиялық съезд» атты іргелі монографияның тұсаукесерін өткізді

Бүгін 16:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);