Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Гонгконг тұмауы: Алматыдағы мектептер қашықтан оқы...

Гонгконг тұмауы: Алматыдағы мектептер қашықтан оқытыла ма?

Барлығы 03.12.2025, 12:12 286
Гонгконг тұмауы: Алматыдағы мектептер қашықтан оқытыла ма?
depositphotos.com

Алматыда 69 адам Гонгконг тұмауын жұқтырған. Алматы Денсаулық сақтау басқармасы мектептер қашықтан оқытыла ма деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Бұл туралы Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова мәлімдеді. 

Оның айтуынша, қазір қаладағы ешбір мектепте оқушылар арасындағы сырқаттану  көрсеткіші белгіленген шекті деңгейден аспаған.

"Бүгінгі жағдай бойынша, ЖРВИ-ге қатысты оқушылар арасында сырқаттану  көрсеткіші белгіленген шекті деңгейден асқан жоқ. Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысына сәйкес, онлайн оқуға көшу тек жеке сыныптар бойынша қарастырылады, бүкіл мектеп бойынша емес", – деді маман.

Оның сөзінше, онлайн форматқа ауысу үшін ЖРВИ немесе тұмау жұқтырған оқушылар саны 30 пайыздан асуы керек. Қазіргі Алматыдағы ешбір мектепте мұндай жағдай тіркелмеген.

"Балабақшалар бойынша да жағдай бақылауда. Алматы қаласы бойынша уақытша жабылған бірде-бір балабақша жоқ", – деп жеткізді спикер.

Ол қаладағы эпидемиологиялық жағдай мониторингтің тұрақты жүргізіліп отырғанын, барлық білім беру ұйымдарында таңертеңгі сүзгі мен профилактикалық шаралар жалғасып жатқанын атап өтті.

Еске салайық, Алматыда 69 адам Гонгконг тұмауын жұқтырған. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Гонгконг тұмауы #мектеп #қашықтан оқыту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мәдениет қайраткерлері референдум туралы: конституция қазақша сөйледі

Бүгін 13:38

Алматының қоғамға белгілі тұлғалары дауыс беруге шақырды

Бүгін 13:31

Алматылықтар мүгедектікті белгілеуге онлайн жазыла алады

Бүгін 12:46

Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке болып есептеледі

Бүгін 12:26

Елімізде жеке детективтер институты болуы мүмкін

Бүгін 11:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі