AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бишімбаев бұрынғы әйеліне түрмеден "тосынсый" жібе...

Бишімбаев бұрынғы әйеліне түрмеден "тосынсый" жіберген

Әлеумет 03.12.2025, 09:09 532 Сұлу
Бишімбаев бұрынғы әйеліне түрмеден "тосынсый" жіберген
Коллаж

Сотталған Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман туған күнінде экс-күйеуінен тосынсый алғанын айтты, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. 

Назым Қаһарман таңнан бері туыстары мен жақындарынан гүл мен құттықтаулар толассыз келіп жатқанын айтты. Бұдан бөлек оған екі хат келген. Бірі – балалармен қарым-қатынас тәртібін анықтау туралы талап, екіншісі – балаларды шетелге шығаруға қатысты сенімхатты қайтарып алу туралы ескерту.

"Ол туған күніме сыйлығын уақытында жеткізу үшін барын салған сияқты. Таң атпастан одан екі хат алдым. Кеше қол қойыпты, Степногорскіден бүгін жедел түрде "ұшып" келген екен", - деді Назым Қаһарман.

Оның айтуынша, Бишімбаев ортақ балаларына қатысты мәселе бойынша сотқа арыз түсірген. Назым Қаһарман бұрынғы күйеуі балаларына шетелге рұқсатсыз шығуға мүмкіндік беретін сенімхатын қайтарып алғанын айтты.

"Ғажайып нәрсе болмайды екен, өкінішке қарай. Мұндай адамдар ешқашан өзгермейді, керісінше бұрынғыдан бетер нашар бола түседі", - деп жазды Бишімбаевтың бұрынғы әйелі. 

Еске салайық, Қуандық Бишімбаев 2024 жылы азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы ерекше қатыгездікпен өлтіргені үшін 24 жылға бас бостандығынан айырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бишімбаев #Түрме #әйелі #тосынсый
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Әділет» партиясының II Съезі өз жұмысын бастады

Бүгін 14:53

Азаматтарды ерікті қан тапсыруға тарту бойынша қандай жүйелі шаралар жүргізіледі?

Бүгін 14:44

Кім қан доноры бола алады және қандай қолдау шаралары көзделген?

Бүгін 14:39

Донорлар – басқаларға өмір сыйлайтын адамдар

Бүгін 14:37

Тоқаев Дональд Трампты туған күнімен құттықтады

Бүгін 12:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);