Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 15 тіл меңгерген полиглот: шетелде табысты еңбек е...

15 тіл меңгерген полиглот: шетелде табысты еңбек етіп жүрген қазақ қызы сырын бөлісті

Әлеумет 03.12.2025, 14:48 346
15 тіл меңгерген полиглот: шетелде табысты еңбек етіп жүрген қазақ қызы сырын бөлісті
Сурет: кейіпкердің жеке мұрағатынан

Әйгерім Оразбек - Алматы қаласының тумасы.  Бүгінде ол Түркияның Анталия қаласында қонақүй саласында қызмет етіп жүр. 29 жастағы полиглот қазақ тілімен қосқанда 15 тілді еркін меңгерген. Желіде оның бір уақытта бірнеше тілде еркін сөйлеген видеосы таралып, көпшілік назарын өзіне аударды. Aqshamnews.kz тілшісі Әйгеріммен тілдесіп, көп тіл үйренудің сыры мен қазіргі өмірі туралы сұрап білді.

Кино саласынан туризмге дейінгі жол

Әйгерім Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының "Кино және ТВ" факультетін тәмамдаған. Студенттік жылдары оның оқу тобы "көптілді" болғандықтан, сабақтардың басым бөлігі ағылшын тілінде өтетін. Тіл үйренуге мұның да көп септігі тиген сыңайлы. Мамандығы - кино саласына қатысты болғасын, өзін бұл қырынан да азды- көпті сынап көргені бар екен. 

 “Жедел жәрдем”, “Аяулы үміт”, “Сезім” секілді сериалдарға эпизод рөлдерге түстім. Бірақ негізінен кадр сыртында сценарист-редактор болып жұмыс істедім", - дейді ол.

Қазір Айгерім қазақ, орыс, ағылшын, түрік, қырғыз, өзбек, поляк, италия, кәріс, неміс, әзербайжан тілдерін еркін меңгерген. Дат, украин, тай және жапон тілдерін де жетік меңгерген, дегенмен әлі де тәжірибе жүзінде дамыту қажет дейді өзі. 

Полиглоттың айтуынша, ол барлық тілді өз бетінше үйренген:

"Бала күнімде интернет жоқ, ішім пысады. Сол себепті кітап, сөздік оқып кеттім. Орысшаны 5-6 жасымда үйрендім. 9 жасымда түрік сериалдарын көремін деп түрікше меңгеріп кеттім. Әйтеуір осылай жүріп үйрене бастадым".

Көп тіл білу туризмге жол ашқан

Бүгінде Әйгерім Антальядағы бес жұлдызды қонақүйлердің бірінде ресепшн қызметін атқарады. Қажет болғанда аудармашылық міндетін де өз мойнына алады.

Сурет: кейіпкердің жеке мұрағатынан

Сондықтан әріптестері оны "құтқарушы" деп атап кеткен. Өйткені әр елден келген қонақпен сөйлесуге келгенде Айгерімнің тіл білмей қалған кезі сирек.

Желіде танымал еткен видео қалай пайда болды?

"Мен жұмыс жасайтын компания қызметкерлерден видеоесеп талап етеді. Сол видеоларды Instagram-парақшасында жариялап отырады. Мен де жұмыс үстінде бірнеше ролик түсіргенмін. Бір күні поляк және ағылшын қонақтар қатар келді, бірнеше тілде сөйлестім. Әріптестерім жақсы шықты дегесін, TikTok-қа сала салдым. Таңертең тұрсам 100 мыңнан астам қаралым жинап үлгеріпті. Кейін оны Instagram-ға басқалар көшіріп салып, осылай тарап кетті", - дейді Әйгерім.

Әйгерім туризм саласында табысты еңбек етіп жүргенімен, негізгі мамандығы бойынша да өзін сынап көргісі келетінін жасырмайды. Marvel және Netflix секілді ірі кинокомпаниялардың байқауларына қатысып көргенін айтады.

"Әзірге нақты шешім жоқ. Болашақта қай жолды таңдарым уақытқа байланысты. Туризмде де үлкен жоспарларым бар – саланы тереңірек зерттеп, тәжірибемді арттырғым келеді", – дейді ол.

Теңіз жағасындағы өмір - бала күнгі арман

"Жұмыс жайлы, жалақысы жақсы болды. Ең бастысы – теңіз жағасында тұру бала күнгі арманым еді", - дейді Әйгерім.

Көптеген тіл білгеніне қарамастан, ол бұл қабілетін ешқашан жария қылып, мақтан тұтпайды. Желіге таралған видео да жай жұмыс барысындағы кадрлар ғана екен. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#полиглот #тіл білу #Әйгерім Оразбек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді

Бүгін 17:09

Таяу Шығыстан 7300-ден аса қазақстандық елге оралды

Бүгін 16:00

Марокко сарапшысы: Қазақстанның жаңа Конституциясы адам құқықтарын күшейтеді

Бүгін 14:27

Алматыдағы бизнес өкілдері қала тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

Бүгін 14:25

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті

Бүгін 12:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі