Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / “Дос-Мұқасан” солисіне "Халық әртісі" атағы неге б...

“Дос-Мұқасан” солисіне "Халық әртісі" атағы неге берілмеді? Министрлік себебін түсіндірді

Мәдениет 03.12.2025, 10:44 417
“Дос-Мұқасан” солисіне "Халық әртісі" атағы неге берілмеді? Министрлік себебін түсіндірді
Ашық дереккөз

Әлеуметтік желі қолданушылары "Дос-Мұқасан" ансамблінің солисі Мұрат Құсайынов неге әлі күнге дейін "Қазақстанның халық әртісі" атағын алмағанын айтып, талқылап жатыр, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі Tengri Life-қа сілтеме жасап. 

Дау неден басталды?

Threads желісіндегі "неге Мұрат Құсайыновта "Халық әртісі" атағы жоқ, ал кейбір жас әншілерде бар?" деген жазба тарады. Ол миллионнан аса қаралым жинап, ондаған пікір тудырды.

Пікірлерде қолданушылар бұл әділетсіз екенін айтып жазған. 

Министрлік не дейді?

Ведомство Мұрат Құсайыновта расымен де "Қазақстанның халық әртісі" атағы жоғын растады. Сондай-ақ, министрлік бұл атақты беру туралы ешқандай ресми өтініш түспегенін айтты. 

"Мұрат Құсайыновқа "Халық әртісі" атағын беру туралы өтініш түскен жоқ. Қазір мемлекеттік марапаттарға құжат қабылдау мерзімі аяқталды. Келесі жылы тиісті түрде рәсімделген құжаттар мен өтініш түссе, министрлік оларды белгіленген тәртіппен қарауға дайын", – деп түсіндірді ведомство өкілдері.

Сонымен қатар, министрлік Құсайыновтың бұған дейін де бірқатар жоғары марапатқа ие болғанын еске салды:

  • "Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі";

  • "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері";

  • "Құрмет" ордені;

  • "Парасат" ордені.

"Халық әртісі" атағы кімдерге беріледі?

Министрліктің түсіндіруінше, 2023 жылдан бастап "Қазақстанның халық әртісі" атағы театр, цирк, музыка немесе кино саласының дамуына елеулі үлес қосқан мәдениет қайраткерлеріне беріледі.

Маңызды шарттардың бірі – үміткерде бұған дейін "Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі" немесе "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" секілді құрметті атақтардың бірі болуы керек.

Ведомство марапат беру тәртібі "Мемлекеттік наградалар туралы" заңда және Президенттің 1999 жылғы 8 қарашадағы № 90 Жарлығымен бекітілген нұсқаулықта жазылғанын атап өтті. 

"Президент Мемлекеттік наградалармен марапаттайды. Наградаға ұсыну туралы ұсыныстарды Президентке Парламент, Үкімет, министрліктер, агенттіктер, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдар, шығармашылық одақтар, еңбек ұжымдары және басқа да ұйымдар енгізеді", – деді министрлік.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мұрат Құсайынов #халық әртісі #Марапат #министрлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дәрігер адамның жүрісі психикалық жағдайға қалай әсер ететінін түсіндірді

Кеше 17:31

Алматыда терроризмді насихаттау және жалған хабарлама үшін жауаптылық еске салынды

Кеше 17:14

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Кеше 17:14

Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Кеше 17:11

Тоқаев Оман халқына тілектес екенін жеткізді

Кеше 16:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі