AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыдағы Ұлттық ұлан әскери бөлімінде «Әскер бал...

Алматыдағы Ұлттық ұлан әскери бөлімінде «Әскер балалар көзімен» атты ашық есік күні өтті

Барлығы 02.12.2025, 21:37 521
Алматыдағы Ұлттық ұлан әскери бөлімінде «Әскер балалар көзімен» атты ашық есік күні өтті
Сурет: Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі  

Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты Кеңес Одағының Батыры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінде «Әскер балалар көзімен» тақырыбында ашық есік күні ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты – қазақ әскерінің мәртебесін көтеру, әскери мамандықтарды насихаттау және жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу. Іс-шараға Алматы қаласы Алатау ауданына қарасты мектептерден «Жас бүркіт», «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтары мен қозғалысына мүше 100-ден астам оқушы қатысты.

Ашық есік күні Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Ұлттық ұлан – ел айбыны!» республикалық акциясы аясында және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай өткізілді.

Оқушылар алдымен әскери бөлімнің казармалық ғимараттарын аралап, жауынгерлердің күнделікті тіршілігімен танысты. Әскери бөлімнің тарихы мен жауынгерлік жолы туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ АК-74 автоматы және өзге де қару-жарақ үлгілері көрсетіліп, әскери киім нысандары таныстырылды. Әскери техникалар мен көліктердің мүмкіндіктері түсіндіріліп, оларды қолдану ерекшеліктері туралы мәлімет берілді.

- Бүгін біз үшін әскери өмірмен етене танысуға үлкен мүмкіндік болды. Қару-жарақ, әскери форма, техника – бәрі өте әсерлі. Сарбаздардың дайындығы мен тәртібі, қарумен жұмыс істеу шеберлігі мені қатты қызықтырды. Осындай қуатты армиямыз барын мақтан тұтамын. Болашақта мен де Отан алдындағы борышымды өтеуді армандаймын, - деді №156 мектептің 11-сынып оқушысы Еділбай Дәулет.

Мектеп ұжымы мен әскери бөлім басшылығы мұндай іс-шаралар жастардың бойында патриоттық рухты қалыптастырып, болашақ мамандық таңдауға оң ықпал ететінін атап өтті.

Шара соңында Алатау аудандық білім бөлімінің әскери әдіскері Еcболат Уалиев пен №210 мектеп-лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алмагүл Сармақова әскери бөлім басшылығына жастарға арналған тағылымды іс-шара ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді.

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Ұлттық ұлан #өңірлік хаб #ашық есік күні
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының мәдениет күндері аясында Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті

Бүгін 22:37

Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Бүгін 22:34

Қазақстандық ғалым алғашқы болып Майкл Фуллан сыйлығын алды

Бүгін 19:18

Футболдан Бірінші лигада «Шахтер» ірі жеңіске жетті

Бүгін 19:12

Атыраулық спортшы паражүзуден Қазақстан чемпионатында үш алтын жеңіп алды

Бүгін 19:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика