AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Агробанк құру жөніндегі ұсыныс орынсыз

Агробанк құру жөніндегі ұсыныс орынсыз

Әлеумет 18.05.2023, 05:19 1,013 Almaty-akshamy.kz. 
Агробанк құру жөніндегі ұсыныс орынсыз
Сурет: ашық дереккөз

Агробанк құру жөніндегі ұсыныс орынсыз. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 



«Экономиканың аграрлық секторының проблемаларын шешу үшін мемлекет ауыл шаруашылығын дамытудың орнықтылығын арттыруға бағытталған жүйелі іс-шаралар қабылдауда. Мәселен, жыл сайын фермерлер үшін көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлінеді. «Кең дала» бағдарламасы арқылы 140 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген кредит беріледі. Ауыл шаруашылығы саласының негізгі кредит беруші ұйымдары «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымдары «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және «ҚазАгроҚаржы» АҚ (лизинг) болып табылады. 2023 жылы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ желісі бойынша 330,0 млрд теңге көлемінде қаражат, оның ішінде көктемгі егіс жұмыстарына 140 млрд теңге бөлінді. Бұдан басқа, «ҚазАгроҚаржы» АҚ 2023 жылға арналған ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу жоспары 170,0 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ жем-шөп дайындау техникасы мен суарудың мобильді жүйелерін қаржыландыру үшін 20,0 млрд теңге мөлшерінде бюджеттік инвестициялар тартылды», - деп атап өтеді Үкімет басшысы жауабында.



Премьер-Министр агроөнеркәсіп кешені АӨК субъектілеріне кредит беруде жаңа тәсілдемелерді енгізу бойынша іс-шаралар қабылданып жатқанын айтады.



«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Ауыл аманаты» ауыл тұрғындарының табысын арттыру жобасының аясын кеңейту бойынша жұмыс басталды. Жобада сыйақы мөлшерлемесі 2,5 пайыздан аспайтын, ең жоғары мерзімі 7 жылға дейінгі сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы микрокредиттер беру көзделген. Пилоттық жобаның аясын кеңейту үшін осы жылға 17 мыңнан астам микрокредит беру жоспарымен 100 млрд теңге бөлінді», - деді ол.



Оның атап өтуінше, микрокредит берумен қатар әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы АӨК саласындағы ірі өнеркәсіптік инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша Солтүстік Қазақстан облысының табысты тәжірибесін тираждау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.



«Қарыз беру шарттары барынша жеңілдетілген. Биылдың өзінде осы мақсатқа 100 млрд теңге бөлінді. Оның есебінен шамамен 65 тауарлық сүт фермасының құрылысы қаржыландырылатын болады. Баяндалғанды, сондай-ақ АӨК субъектілері үшін кредиттік құралдар мен өндіріс факторларының қолжетімділігін арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды ескере отырып, Агробанк құру жөніндегі ұсынысты орынды емес деп санаймыз», - деді Әлихан Смайылов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Агробанк #Мәжіліс #депутат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы бокстан әлем кубогында 7 медаль жеңіп алды

Бүгін 18:58

Қазақстандық курсанттар математикадан ТМД олимпиадасында күміс жүлдегер атанды

Бүгін 18:54

Елордалық джиу-джитсу шеберлері Францияда топ жарды

Бүгін 18:48

ІІМ қызметкері стритлифтингтен Азия чемпионы атанды

Бүгін 18:44

Атырау әкімінің орынбасары Марат Мурзиев каратэден әлем чемпионы атанды

Бүгін 18:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика