AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / 2021 жылы қазақстандықтар микрокредиттерді көптеп...

2021 жылы қазақстандықтар микрокредиттерді көптеп ала бастаған

Экономика 28.12.2021, 05:24 1,590
2021 жылы қазақстандықтар микрокредиттерді көптеп ала бастаған
Сурет: Inbusiness.kz

 Адам басына екі несиеге дейін жеткен


Бірақ қарыз көлемі 550 мың теңгеге дейін қысқарған. Зерттеуді IDF Eurasia жүргізген. Зерттеуге сәйкес, биыл тоғыз айда жеке тұлғаларға берілген микронесие 44%-ке өсті. Дегенмен, мұндағы қарыздардың мақсаты өзгермеген. Мысалы, қымбат телефондар, ноутбуктар мен планшеттерді несиеге алатындар азайған. Олар жалпы қарыз алушылардың 57%-не жетеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 


Қазақстандықтардың 24%-і үй жөндеу үшін несие рәсімдесе, қалған 19% микронесие алудан бас тартқан. Бұл 18 бен 25 жас аралығындағы жастарға қатысты ақпарат. Ал 25 пен 45 жас аралығындағылардың басым бөлігі ипотека рәсімдеп, көлік алу үшін несие алған. Бұл жастан асқан азаматтар балаларын оқытуға немесе тұрмыстық техника алуға микронесие рәсімдеген.


Сауалнама жүргізген мамандар алдағы жылы да бұл тенденция сақталады деп отыр. Елімізде білім саласына құйылатын инвестиция азайған. Биыл тоғыз айда бұл бағыт өткен жылмен салыстырғанда 16%-ке аз ақша еншіледі.


Energyprom.kz хабарлауынша, білім саласындағы инвестицияның жартысынан көбі 4 өңірге тиеселі. Бұл Алматы, Түркістан облысы, Шымкент және Нұр-Сұлтан қалалары. Ал ең аз қаржы құйылған аймақтар Батыс Қазақстан облысы, Ақтөбе, Маңғыстау және Атырау облысы.


Елордаға келетін турист көбейген


«AstanaInvest» қалалық инвестицияларды дамыту орталығының хабарлауынша, өткен жылмен салыстырғанда биыл тоғыз айда келген турист саны шамамен 88% көп. Осы аралықта бас қалаға жарты миллионнан астам турист келген. Олардың он проценттен астамы шетелдіктер. Сондай-ақ шаһарда тіркелген әуе жолаушыларының саны 61%-ке өскен. Бұл ковидке қарсы вакциналаудың қарқын алып, пандемиямен белсенді күрес нәтижесінде тіркелді дейді мамандар.


«Қазақстанды монеталар арқылы зертте!». Ұлттық банк осындай атаумен жаңа коллекциялық монеталар шығарады. Онда еліміздің мәдениет пен спорт салаларындағы жетістіктері бейнеленеді. Сондай-ақ «Жаратылыс сырларында» деген жаңа серия жасалады. Онда тәңіршілдік, үнді, қытай, мысыр өркениеттері салынады. Монетаның танталдан жасалған жағында көне өркениеттің элементтері, ал, күмістен құйылған жағында қазіргі заманның көріністері бейнеленеді. Ең бірінші болып «Тәңірлік таным» мен «Үнділік таным» атты монеталар шығады. Бұдан бөлек келер жылы «Сақтар стилі» атты жаңа 100 теңгелік монеталардың 5 түрі 5 млн данамен айналымға түседі. Алдағы екі жылда қазақтың халық ертегілері мен ұлттық ойындары бейнеленген монеталар да шығарылады деп жоспарланған.


Әлемдік ЖІӨ $100 трлн жетуі мүмкін


2022 жылы әлемдік жалпы ішкі өнім көлемі 100 триллион долларға дейін жетуі мүмкін.


Centre for Economics and Business Research сарапшылары осылай дейді. Мамандардың айтуынша, бұл пандемиядан кейінгі жағдайдың қалпына келуімен байланысты болады. Бірақ қымбатшылық сақталса, әрине, әлем елдеріне экономиканы рецессияға әкелу қиындай түседі. Сондықтан бұл тек сарапшылар болжамы ғана. Айта кетейік, қазір әлемдік жалпы ішкі өнім 94 триллион доллар. Оның 42%-ы Қытайдың еншісінде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#зерттеу #несие #инвестиция #экономика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Наурыз әлде Жаңа жыл: Қазақстандықтар осы екі мерекенің қайсысына көбірек шығындалады?

Бүгін 12:51

Алматылық балуандар U23 Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанды

Бүгін 12:30

Алматыдағы Отбасын қолдау орталығы отбасыларды сақтап, балаларды ата-анасына қайтаруға көмектесіп жатыр

Бүгін 12:19

Алматыдағы Отбасын қолдау орталығына былтыр 1,3 мыңнан астам өтініш түсті

Бүгін 12:16

1 сәуірден бастап Алматы мен бүкіл Қазақстанда мемлекеттік қызметке қабылдау жұмысы толық автоматтандырылған іріктеу жүйесіне көшеді

Бүгін 12:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика