Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Сегіз жасар бала қаламсаптың серіппесін жұтып қойғ...

Сегіз жасар бала қаламсаптың серіппесін жұтып қойған

Медицина 13.02.2023, 10:43 1,418
Сегіз жасар бала қаламсаптың серіппесін жұтып қойған
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасының баспасөз қызметі хабарлады.


Алматы қаласы №2 балалар қалалық клиникалық ауруханасына шұғыл жағдайда түскен бала үш сағат бұрын аузына салып шайнап отырған қаламның серіппесін күлген кезде жұтып қойып, ол тыныс алу жолдарына түскен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz
 
Біраз уақыттан кейін баланың тыныс алуы қиындап, жөтеле берген. Ата-анасы оны №2 балалар қалалық клиникалық ауруханасының «жедел жәрдем» бөлімшесіне жеткізеді. Баланы мамандар тексеріп, кеуде қуысының рентгенографиясы жасалады. Рентгенограммада оң жақ бронхта бөгде зат бар екені мәлім болады. Ауруханаға жатқызылып, манипуляцияға дайындалады.


Жалпы анестезиямен қатаң трахебронхоскопия жасалды. Оң жақ негізгі бронхтан бөгде дене (серіппе) анықталды. Айта кету керек, негізгі бронхтардың бөтен денелерін диагностикалау қиын болып келеді. Серіппе арнайы «крокодил» қыстырғышымен алынады. Бала 4 күннен кейін үйіне шығарылды.



№2 балалар қалалық клиникалық ауруханасының хирургиялық бөлімшесінің меңгерушісі Марат Қаптағаев атап өткендей, «Тыныс алу жолдарының бөгде денелері балаларда жиі кездесетін патология болып табылады. Көбіне мұндай жағдай 1-15 жас аралығындағы балалар арасында кездеседі. Балаларда 70-80% жағдайда бөтен денелер трахея мен бронхтарға «тайып», тыныс алу жолдарының ішінара немесе толық бітелуіне әкеледі. Басқа жағдайларда бөгде зат дауыс байламдарының үстінде, жұтқыншақ, кеңірдек деңгейінде бекітіледі. Үлкен бөтен денелер жөтелді, асфиксияны тудырады, сөйлеу бұзылысы қауыпына әкелуі мүмкін және баланың өміріне қауіп төндіреді. Трахеяның толық бітелуі немесе ларингоспазм болған жағдайда өлімге әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайларда тек шұғыл медициналық көмекке жүгіну қажет, сонда ғана қайғылы жағдайды болдырмауға мүмкіндік болады. 


Бронхтың бөтен денелерін емдеу бөтен денелерді алып тастаудан тұрады, бірақ бұл әр кезде сәтті бола бермейді. Кішкентай бронхта тұрып қалған ұсақ бөтен денелер көбінесе ыдырайды, сұйылады және өздігінен жойылады, сонымен қатар олар қабыну асқынулары болуы мүмкін.
Тыныс алудың айқын бұзылуы болмаған жағдайда, науқастың жағдайы трахебронхоскопияны шұғыл емес, белгілі бір уақытта жасауға келсе немесе керісінше, пациент шаршаса, жалпы жағдайын, жүрек қызметін біршама түзету қажет болған кезде, бөтен денені алып тастау 24-48 сағатқа кешіктірілуі мүмкін. 
Бөтен денелерді алып тастағаннан кейін кейбір науқастарға оңалту шараларын жасау қажеттілігі болады, ал асқынған бөгде денелерді алып тастағаннан кейін микробқа қарсы препараттарды профилактика ретінде қолдану қажет.



Болжам көбінесе науқастың жасына байланысты. Бұндай жағдай нәрестелер мен өмірдің алғашқы жылдарындағы балалар үшін өте ауыр. Дәрігер тосқауылдарды күшейту қаупіне байланысты балалардағы бөтен денені  қолмен алып тастауға болмайтынын еске салды!


Тыныс алу жолдарында бөгде зат бар барлық баланы жан сақтау және кеуде хирургиясы немесе бронхоскопия жасауға болатын пульмонология бөлімшесі бар ауруханаға жатқызу керек.
«Сақ болыңыздар! Балаға тамақ ішу кезінде сөйлесуге, күлуге, жүгіруге рұқсат бермеңіз. Кішкентай балаларға ұсақ ойыншықтар мен ойыншық бөлшектерін, сағызды аузына салуға жол бермеңіздер», – дейді балалар хирургтері.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қалам #ота #бала
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Тоқаев Сауд Арабиясының тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті

Бүгін 08:51

"Атом реакторын жарып жібереміз". Иран Израильге қоқан-лоқы жасап отыр

Бүгін 08:39

Темірге жан, ал жастарға үн бітті: Алматыда «Jas Stars» қалай өтті?

Кеше 22:45

ӘЛЕМДІК АРЕНАДАҒЫ ЖЕҢІС: ҰЛАНДЫҚ ЖАУЫНГЕРЛЕР ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Кеше 21:47

Алматыда Робо-DJ мен Робо-бишілердің қатысуымен референдумды қолдауға бағытталған ауқымды концерт өтті

Кеше 21:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі