AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Қазақстан Үндістандағы беделді туристік сыйлыққа и...

Қазақстан Үндістандағы беделді туристік сыйлыққа ие болды

Әлем 13.02.2023, 10:55 868
Қазақстан Үндістандағы беделді туристік сыйлыққа ие болды
Сурет: Elorda.info

Қазақстан Versatile Excellence Travel Awards (VETA) марапаттау рәсімінде үндістандық туристер үшін ең үздік тренд бағыты болып танылды.


Бұл - Үндістанның туризм саласындағы жыл сайынғы ірі іс-шараларының бірі. Онда саланың дамуында айтарлықтай өсім көрсеткен үздік компаниялар мен туристік орындар атап өтіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап. 


Travelscapes – үкіметтік мекемелер, бірінші дәрежелі қонақүйлер, туризм индустриясы, елшіліктер және корпоративтік секторлар арасында танымал үнділік кәсіби b2b басылымы.


Марапаттау рәсіміне ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков қатысты.



«Үндістан азаматтары үшін 14 күндік визасыз режим енгізілгеннен бері біз Қазақстанға үнді саяхатшылары санының айтарлықтай өскенін көріп отырмыз және біз танымал туристік бағыт ретінде танылғанымызды мақтан тұтамыз. Бұл жетістік - Қазақстанды қалалық, экологиялық, қызықты оқиғалы, мәдени және MICE туризм бағыты ретінде ілгерілетуде бірлескен күш-жігердің нәтижесі», - деп атап өтті Дастан Рыспеков.



Айта кетейік, өткен жылы елімізге 28 300 Үндістан азаматы келген.


Бүгінгі таңда Eqonaq ақпараттық жүйесінің деректері бойынша Қазақстанның қонақ үйлерінде Үндістаннан 2000-нан астам қонақ тоқтаған.


Үндістан азаматтары Қазақстанның Алматы, Астана және Шымкент сияқты ірі қалаларында демалуды жөн көреді.


Сондай-ақ, Қазақстан биыл Делиде өтіп жатқан Оңтүстік Азиядағы ең ірі саяхат және туризм көрмесі – SATTE-ге қатысады, Үндістан Республикасы Туризм министрлігінің қолдауымен Қазақстан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы елдерінің стендінде өтеусіз негізде ұсынылған.


Қазақстандық делегация құрамында Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің, Kazakh Tourism, төрт отандық туроператор және әуе компанияларының өкілдері бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Үндістан #туристік сыйлық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бүгін ауа райы күрт өзгереді деп болжанды

Бүгін 08:33

Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы әлемнің түкпір-түкпіріндегі креаторлардан өтінім қабылдауды бастады

Кеше 19:35

Алматыға Шанхай ғылым және технологиялар колледжі делегациясы келеді

Кеше 18:42

Алматының ажары

Кеше 18:12

Алматылық Камиля Досмалова пара таэквондодан Азия чемпионы атанды

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);