Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Ақмола облысында жаңа көліктер тиелген жүк көлігі...

Ақмола облысында жаңа көліктер тиелген жүк көлігі жол жиегіне аударылып кеткен

Оқиға 21.11.2025, 17:14 332
Ақмола облысында жаңа көліктер тиелген жүк көлігі жол жиегіне аударылып кеткен
сурет: видео кадры

Ақмола облысында жаңа көліктерді тасымалдаған автовоз жол апатына ұшырап, жол жиегіне аударылып кеткен, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

Ақмола облыстық ПД мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 2025 жылғы 21 қарашада шамамен түскі 12:00-де «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» тасжолының 239-шақырымында болған.

Полицияның алдын ала дерегінше, 1979 жылы туған «Ситрак» маркалы көлік тасушы жүк көлігі жүргізушісі Қостанай бағытына қарай кетіп бара жатқан. Ол қарсы алдындағы көлікті озбақ болған сәтте рөлге ие бола алмай, жүк көлігі жол жиегіне шығып кетіп аударылған. Фураның үстінде Қытайда құрастырылған сегіз жаңа жеңіл көлік болған.

Жүргізуші Алматыдан Қостанайға жаңа партияны жеткізіп келе жатқан. Апаттан ешкім зардап шеккен жоқ. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Жүргізушінің мас күйде болу-болмауы міндетті түрде тексеріліп жатыр. 

Барлық рәсім аяқталған соң процессуалдық шешім қабылданады. Полиция ірі жүк көлігін жүргізетіндерге қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды қайта ескертті.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жол апаты #Ақмола
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Темірге жан, ал жастарға үн бітті: Алматыда «Jas Stars» қалай өтті?

Кеше 22:45

ӘЛЕМДІК АРЕНАДАҒЫ ЖЕҢІС: ҰЛАНДЫҚ ЖАУЫНГЕРЛЕР ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Кеше 21:47

Алматыда Робо-DJ мен Робо-бишілердің қатысуымен референдумды қолдауға бағытталған ауқымды концерт өтті

Кеше 21:40

Солтанай Жәнібек: «15 наурыздағы референдум – азаматтық ұстанымым»

Кеше 21:34

Шахислам Лайсханов: Ғылым мен бейбітшілік – қоғамның басты құндылығы

Кеше 21:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі