AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Мемлекет басшысы ірі инфрақұрылымдық жобалар мен «...

Мемлекет басшысы ірі инфрақұрылымдық жобалар мен «Бағанашыл» балалар үйінің жөндеуін талқылады

Саясат 21.11.2025, 17:27 658
Мемлекет басшысы ірі инфрақұрылымдық жобалар мен «Бағанашыл» балалар үйінің жөндеуін талқылады
сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Integra Construction KZ бенефициар меншік иесі Шахмұрат Мүтәліпті қабылдады, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру және өндірістік, тұрғын үй, әлеуметтік нысандарды салу жөнінде баяндалды.

Сондай-ақ Президентке компанияның құрылыс пен темір жол салаларында іске асырып жатқан халықаралық бастамалары туралы ақпарат берілді.

Мемлекет басшысы ел экономикасы үшін мәні зор жобаларды сапалы әрі уақтылы орындаудың маңызды екенін атап өтті.

Шахмұрат Мүтәліптің айтуынша, Integra Construction KZ бірқатар әлеуметтік жобаны қолға алған. Мәселен, компания Алматы қаласындағы «Бағанашыл» балалар үйін 5 миллиард теңге жеке қаражаты есебінен қайта жөндеуді бастады.

Сонымен қатар Президентке Қазақстан боксының қазіргі жай-күйі мен жетістіктері, оның ішінде ұлттық құраманың нәтижелері, 2028 жылғы Олимпиада ойындарына дайындық жоспары мен келесі жылға қойылған міндеттер жайында мәлімет берілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қасым-Жомарт Тоқаев #бағанашыл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық музыканттарға Қытай нарығына жол ашылады: Алматыда халықаралық конференция өтеді

Бүгін 15:52

Қызылордада Президент Жолдауының басым бағыттары талқыланды

Бүгін 15:32

Алматының Жетісу ауданында өнеркәсіп өндірісі 8,5%-ға өсті

Бүгін 15:31

Берлинде Alatau City-ді дамыту бойынша 11 келісімге қол қойылды

Бүгін 15:30

Алматының Жетісу ауданында 1 520 оқушы орны ашылды

Бүгін 15:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);