AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы жастары жемқорлыққа қарсы үн қосты

Алматы жастары жемқорлыққа қарсы үн қосты

Барлығы 21.11.2025, 19:44 484 Аяжан Серікқызы
Алматы жастары жемқорлыққа қарсы үн қосты
Юлия Кон

Алматыда жастардың адалдық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды шара өтті. «Адал Ұрпақ» жобасы аясындағы «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» байқауының жеңімпаздары марапатталып, жас қатысушылар өздерінің азаматтық ұстанымын шығармашылық жұмыс арқылы танытты. Қоғамда адалдық пен жауапкершілік құндылықтарын нығайтуды мақсат еткен бұл жоба биыл да жастардың қызығушылығын арттыра түсті.

«Адал Ұрпақ» әлеуметтік жобасын «Ақпараттық-ресурстық орталық» қоғамдық қоры Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен жүзеге асырып келеді. Жоба жастарды тек адалдыққа тәрбиелеумен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды көздейді.

Биылғы байқауда қатысушылар эссе және бейнеролик форматында жемқорлықтың қоғамға зияны, адалдықтың маңызы туралы өз көзқарасын ұсынды. Жеңімпаздар мен белсенділер салтанатты рәсімде марапатталды.

«Адал Ұрпақ» жобасы – Президенттің заң мен тәртіп идеологиясын қолдауға бағытталған маңызды бастама. Адал азамат – алдымен өз ісіне жауапты, сөзі мен ісі сәйкес келетін адам. Бүгін марапатталған жастар осы бағыттағы өз көзқарасын нақты жеткізе білді», – деді Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Кажденбек Азиз. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба аясындағы іс-шаралар жастар арасында адалдық, әділдік және азаматтық жауапкершілік құндылықтарын нығайтып, қоғамның дамуына үлес қосатын жаңа буынды қалыптастыруға серпін береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жастар #адал ұрпақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);