AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы әкімі тұрғындарды жеке мәселесі бойынша қаб...

Алматы әкімі тұрғындарды жеке мәселесі бойынша қабылдады: инфрақұрылым, көріктендіру және әлеуметтік қолдау жайы талқыланды

Барлығы 22.11.2025, 10:33 564
Алматы әкімі тұрғындарды жеке мәселесі бойынша қабылдады: инфрақұрылым, көріктендіру және әлеуметтік қолдау жайы талқыланды
сурет: Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды тұрғындарды жеке мәселесі бойынша қабылдады. Тұрғындар әлеуметтік қолдау, медициналық көмек, инженерлік инфрақұрылым, көріктендіру, көлік қауіпсіздігі, тұрғын үй саясаты және жер қатынастары және т.б. жайттарды көтерді.

Қала тұрғындарына жеңілдіктер алу тәртібі, медициналық қызмет көрсету және баспана беру тетіктері жөнінде заңнамалық түсініктеме берілді.

Өтініштердің басым бөлігі инженерлік желілерге, су сапасына, жолды қалпына келтіруге, газ коммуникацияларының жай-күйіне және аула маңын абаттандыруға қатысты болды. Сондай-ақ, балалар ойын алаңдарын орнату және қалдық жинау жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар айтылды.

Алматы әкімі атқарылған жұмыстардың сапасын бақылауды күшейтуді, жол төсемін қалпына келтіруді жеделдетуді және бірқатар ауданда қосымша жерасты контейнерлерін орнатуды тапсырды. Көлік қауіпсіздігіне байланысты тұрғындардың реттелетін жүргінші өткелдеріне қатысты өтініштері де қаралды. Бұл жобалар 2026 жылға арналған жоспарға енгізілді.

Сонымен қатар Бас жоспарды түзету, жер телімдерінің жалдау мерзімін ұзарту, мемлекет қажетіне жер алу рәсімдері сынды қала құрылысы саясатына қатысты жайттар да талқыланды. 

Қабылдау қорытындысы бойынша қала басшысы шешімін күткен жедел мәселелерді тиісті басқармаларға тапсырды, барлық рәсімнің ашық әрі түсінікті болуын және берілген тапсырмалардың орындалуын қатаң бақылауда ұстауды жүктеді. Дархан Сатыбалды тұрғындармен ашық диалог – қалалық ортаны жақсартудың негізгі тетігі екенін атады.

Айта кетейік, азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдау тұрақты түрде өткізіледі. Алматы әкімі аудан тұрғындарымен ұдайы кездесіп, жобалардың орындалу барысын жергілікті жерде бақылайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Дархан Сатыбалды
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Рыбакина Германиядағы WTA-500 турнирінің финалына шықты

Бүгін 09:36

Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Бүгін 09:10

Алматыдағы әскери институтта мектеп оқушылары үшін Ашық есік күні өтті

Кеше 17:36

Түркияда тоғызқұмалақ, бестемше және мангала ойындарынан халықаралық жарыс басталды

Кеше 17:17

Қазақстандық дзюдошылар ел қоржынына 5 қола салды

Кеше 16:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика