Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Қысқа бейнероликтер мидың жұмысын әлсіретеді - зер...

Қысқа бейнероликтер мидың жұмысын әлсіретеді - зерттеу

Мұны білген жөн 22.11.2025, 10:03 324
Қысқа бейнероликтер мидың жұмысын әлсіретеді - зерттеу
сурет: автордан

TikTok, Instagram Reels, YouTube Shorts сияқты платформалар біздің контент тұтыну дағдымызды түбегейлі өзгертіп үлгерді. Олар көңіл көтереді, ақпарат береді, жарнама мен саясатқа да ықпал етеді. Алайда жаңа зерттеулер шексіз скроллингтің миға елеулі әсер ететінін көрсетіп отыр, деп хабарлайды Aqshamnews тілшісі.

Зерттеу не көрсетті?

Австралиядағы Гриффит университетінің ғалымдары 71 ғылыми мақаланың негізінде 100 мыңға жуық адамның деректерін талдап, қысқа видеолардың когнитивті функциялар мен психикалық денсаулыққа әсерін зерттеген.

Ғалымдардың айтуынша, қысқа роликтерді жиі қарау ми қызметінің төмендеуіне, зейіннің нашарлауына және реакцияны бақылау қабілетінің әлсіреуіне әкелуі мүмкін. Бұл жасөспірімдерге де, ересектерге де қатысты.

Зерттеу Гроувс пен Томпсонның «үйрену және сезімталдықтың қос теориясына» негізделген.

Ғалымдар мынадай қорытынды жасаған:

  • жылдам, қысқа роликтер тәуелділік тудыруы мүмкін, соның салдарынан ми тыныш, ұзақ уақыт талап ететін әрекеттерге — кітап оқу, тапсырма орындау сияқты — ауысуды қиын қабылдайды;
  • контентті іріктейтін алгоритмдер импульсивтілікті арттырып, лезде ләззат алуға ұмтылысты күшейтеді;
  • қысқа видеоларды шамадан тыс қарау әлеуметтік оқшаулануға, өмірге қанағаттанудың төмендеуіне, ұйқының бұзылуына және мазасыздықтың күшеюіне әкелуі мүмкін.

Зерттеушілердің айтуынша, мұндай әсер барлық жас топтарында байқалады, яғни қысқа видеоларды көп көретін адамдардың назарын шоғырландыруы айтарлықтай нашарлайды.

Алдағы жоспар

Ғалымдар қысқа видеоларға тәуелділікті бағалайтын арнайы шкала жасаған. Бұл болашақ зерттеулер үшін пайдалы құрал болмақ.

Авторлардың айтуынша, қысқа видеолардың танымалдығы артып келе жатқандықтан, олардың когнитивті функциялар мен мінез-құлыққа әсерін тереңірек зерттеу қажет.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ми #денсаулық #денсаулық сақтау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдады

Кеше 17:46

«Дос-Мұқасан» алғашқылардың бірі болып қол қойды: Алматыда Гиннес рекордына ресми старт берілді

Кеше 17:26

ҚСЗИ-де жас сарапшылар жаңа Конституцияның негізгі жаңашылдықтарын талқылады

Кеше 17:19

Еңбек ұжымы жаңа Конституцияны қолдады

Кеше 17:12

Алматы бизнес қауымдастығы референдумды қолдады

Кеше 16:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі