Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ресейлік өнімдер таныстырылды

Ресейлік өнімдер таныстырылды

Әлеумет 30.09.2021, 03:46 1,386
Ресейлік өнімдер таныстырылды
news.myseldon.com

Алматы қаласына Рязань облысынан делегация келді. Облыс  губернаторы Н.В.Любимов пен «РСО» АҚ бас директоры В.О.Никишина бастаған делегация қаладағы Рязань кәсіпорнының әртараптандырылған көрме залында таныстыру жұмыстарын жүргізді. Губернатордың Алматыға іссапары сауда-саттықты нығайтуға бағытталған. Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы өзара экономикалық серіктестік орнатуға негізделген шарада Рязань кәсіпорындарының экспозициялық өнімдері назарға ұсынылды. Сондай-ақ, басқосуда жұмыс барысы туралы келіссөздер орын алды.



– Біз Рязань кәсіпорындарының өнімдерін ұсыну үшін арнайы ашылған көрме залында шара өткіздік. Шараның басты мақсаты – өнімдерді қазақстандық тұтынушыларға презентация түрінде таныстыру. Сонымен қатар, қазақстандық серіктестер тауып, олармен сенімді келіссөздер жүргізіп, ұзақ уақытқа келісім-шарт жасау мақсатында жұмыс істейміз. Болашақта Өзбекстан елінде дәл осындай филиал ашу ойымызда бар. Қазір осы мақсатта жұмыс істеп жатырмыз. Қазақстан біздің көптеген елдердегі серіктестеріміздің ішінде ең маңыздысы. Ол ТМД елдерінің ішіндегі серіктестеріміздің арасында 2-орын иеленеді. Бірінші орында Беларусь елі орналасқан. Сондай-ақ, біз тек экспортпен емес, импортпен де айналысамыз. Мысалы, Қазақстан өнімдерінің 3-4%-ын импорттап, ал Рязань кәсіпорындары өнімдерінің 94%-ын экспорттаймыз. Екі ел арасында бизнеске қарағанда, достық қарым-қатынас жоғары деуге болады, – деді Н.Любимов.



– Ресей сараптама орталығының тәжірибесі бойынша әртүрлі мемлекеттерде орналасқан дәл осындай 3 филиалымыз бар. Пандемия уақытында өнімдерді экспорттау мәселесі қарқын алғаны белгілі. Алайда, Рязань облысындағы әріптестеріміздің ынтасы Қазақстанда Рязань өнімдерін экспорттау бойынша өте белсенді позицияны ұстанды. Сондықтан орын алып жатқан шара өте маңызды деп ойлаймын. Онлайн тапсырыс бермей, өнімдердің сапасын көзбен көріп, ұстап, тексеру тұтынушылар үшін маңызды. Біздің қауымдастық тұтынушыларға осындай мүмкіндіктер сыйлайды, – деді О.Никишина.



Рязань кәсіпорындарының өнімдері Қазақстаннан бөлек, Германияға (13,6%), Қытайға (12,5%), Беларусь еліне (11,1%), АҚШ-қа (4,6%), Польшаға (4,6%), Украинаға (3,8%) экспортталады. Алдағы уақытта Өзбекстан, Африка елдеріне жол тартпақ. Шара соңында екі ел арасында сенімді сауда-саттық орнап, қарым-қатынас достыққа ұласады деген сенім артылды

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Ресей #дүкен
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қарт әкесін азаптаған ер адамға жаза күшейтілді

Бүгін 14:34

Алматыда жаңа автобус бағыты іске қосылады

Бүгін 14:14

Қазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарды

Бүгін 14:07

Алматыда кенеге қарсы күрес жүріп жатыр: мамандар осы жолы 2,3 мың гектар жерді дәрілеп шықпақшы

Бүгін 12:33

Қазақстанда құстың 20 жаңа түрі табылды

Бүгін 12:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика