AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда жаңа форматтағы базарлар пайда болады  

Алматыда жаңа форматтағы базарлар пайда болады  

Барлығы 15.10.2025, 16:37 465 Сұлу
Алматыда жаңа форматтағы базарлар пайда болады  
Алматы әкімдігі

Алматы қаласында контейнерлік сауданың дәуірі аяқталып, осы заманғы, жайлы әрі ашық сауда форматындағы базарларға көшу кезеңі басталды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Олжас Смағұлов Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

«Біздің мақсатымыз – базарларды қайта салу ғана емес, қауіпсіз және қолайлы сауда кеңістігін қалыптастыру. Мұнда бизнес дамып, қала тұрғындары өзін жайлы сезінуі тиіс. Бұл сатып алушыларды, кәсіпкерлерді және қаланың өзін қорғауға бағытталған «Сауда қызметін реттеу туралы» ҚР Заңының талабы», – деп атап өтті Олжас Смағұлов.

Бүгінде Алматыда 29 базар толықтай жаңғыртылып, олардың аумағында күрделі құрылыстар салынды, инженерлік инфрақұрылым жаңартылды. Тағы 21 базар жаңғыртылып жатыр, ол жұмыс 2026 жылдың соңына дейін аяқталады. Ескірген «Жібек жолы» базарының орнына жаңа меншік иесі осы заманғы тұрғын үй кешені мен сауда орталығын салғалы отыр.

Жалпы, соңғы жылдары қаладағы базарлардың саны 59-дан 51-ге дейін азайды, бұл төрт нысанның сауда орталықтарына қайта бейінделуімен байланысты.

Әкімдік кәсіпкерлердің алаңдаушылығын түсінеді. Жалға алуа бағасының өсуі табысты арттыру мақсатында емес, қайта жаңғыртудан кейінгі пайдалану мен коммуналдық шығындардың көбеюіне байланысты болып отыр. Себебі жаңартылған базарлар орталықтандырылған жылу, су және кәріз жүйелеріне қосылады, санитарлық талаптар мен абаттандырылған аумақ қамтамасыз етіледі. Реконструкция кезеңінде жалға алушыларға сауда орындары уақытша жеңілдікпен беріледі.

Айта кетейік, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204-2-бабына сәйкес, базарларды модернизацияламау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап талаптарды орындамаған базарлардың қызметі уақытша тоқтатылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Базар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҰБТ-мен қатар баламалы тест енгізіледі

Бүгін 09:30

Тоқаев бірқатар заңға қол қойды

Бүгін 09:11

28 сәуірде ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:42

Қазақстан құрамасы бокстан әлем кубогында 7 медаль жеңіп алды

Кеше 18:58

Қазақстандық курсанттар математикадан ТМД олимпиадасында күміс жүлдегер атанды

Кеше 18:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика