Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Әлем сарапшылары инклюзивті қоғам құрудағы жаһанды...

Әлем сарапшылары инклюзивті қоғам құрудағы жаһандық сын-қатерлерді талқылады

Барлығы 15.10.2025, 16:28 382
Әлем сарапшылары инклюзивті қоғам құрудағы жаһандық сын-қатерлерді талқылады
Сурет: Gov.kz

Алматы қаласында инклюзивті білім беру саласындағы алғашқы Дүниежүзілік конгресс аясында «Инклюзивті білім берудегі жаһандық трендтер: сын-қатерлер мен шешімдер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Оған Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Тәжікстан Республикасының білім беру және ғылым министрі Саидзода Рахим Хамро, Парламент Мәжілісінің депутаттары, Алматы қаласының әкімінің орынбасары және халықаралық сарапшылары, мемлекеттік және қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.

Әлемнің түкпір-түкпірінен келген беделді ғалымдар мен сарапшылар, педагог-практиктер, қоғамдық және халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ әр елдің үкімет мүшелері инклюзия саласындағы жаһандық маңызы зор мәселелерді бірлесіп талқылады.

Дөңгелек үстелде сөз алған Қазақстанның Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Қазақстанның білім беру жүйесінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен әділетті қоғам құру бағытында ауқымды реформалар жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Атап айтқанда, тең әрі сапалы біліммен қамтамасыз ету, заңнамалық базаны жетілдіру, инфрақұрылымды дамыту, инклюзивті мәдениетті қалыптастыру және мұғалімдердің кәсіби дамуына басымдық беру бағыттарына ерекше көңіл бөлінуде.

«Қазақстанда жасанды интеллектіні пайдалану және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды жан-жақты қолдау мәселелері басты назарда. Инклюзияның негізі – адами құндылықтар: сыйластық, қабылдау және қолдау. Біз заманауи сын-қатерлер мен жаһандық үрдістерді ескере отырып, білім мазмұнын жетілдіруде күш біріктіріп, тиімді стратегиялар әзірлеу, тәжірибе алмасу және қолдау механизмдерін нығайтуға шақырамыз», – деді Оқу-ағарту министрі.

Сонымен қатар жиында Тәжікстан Республикасының білім беру және ғылым министрі Саидзода Рахим Хамро Тәжікстандағы инклюзияның даму тәжірибесімен бөлісті, SEAMEO Secretariat директоры Датук Хабиба Абдул Рахим Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің тәжірибесі мен ынтымақтастығы туралы айтты, Алматыдағы UNESCO Regional Bureau директоры Амир Пирич инклюзивті және әділ білім беруді ілгерілетудегі ЮНЕСКО-ның рөлін атап өтті, UNICEF өңірлік кеңесшісі Нора Шабани Еуропа мен Орталық Азиядағы инклюзивті білім берудің дамуына шолу жасады, International Forum of Inclusion Practitioners (IFIP) президенті Даниэль Собель инклюзияның жаһандық тәжірибелері мен мектептерді қолдау тәсілдері туралы пікір білдірді, Марокко Білім министрлігінің өкілі Лубна Белаббес білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі ұлттық шаралар туралы баяндады, Әзербайжанның Мектепке дейінгі және жалпы білім беру жөніндегі мемлекеттік агенттігі директорының орынбасары Ягублу Вафа Мисировна мен Босния және Герцеговина Федерациясының Сараево кантонының Тәрбие және білім беру мәселелері жөніндегі министрлігінің өкілі Мелисса Миздрак өз елдері мен аймақтарының тәжірибесін таныстырды, ал Google for Education өкілі Крис Блейни инклюзивті білім беруді жаһандық деңгейде қолдауға арналған технологиялық шешімдерді ұсынды; сондай-ақ әйгілі сәулетші, Fuji Kindergarten жобасының авторы Тахакура Тэдзука өз идеялары мен тәжірибесін ортаға салды.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#конгресс #инклюзив
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді

Бүгін 17:09

Таяу Шығыстан 7300-ден аса қазақстандық елге оралды

Бүгін 16:00

Марокко сарапшысы: Қазақстанның жаңа Конституциясы адам құқықтарын күшейтеді

Бүгін 14:27

Алматыдағы бизнес өкілдері қала тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

Бүгін 14:25

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті

Бүгін 12:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі