AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бүгін – Армения мен Қырғызстаннан әкелінген көлікт...

Бүгін – Армения мен Қырғызстаннан әкелінген көліктерді елден шығаратын соңғы күн

Әлеумет 30.09.2021, 03:21 1,238
Бүгін – Армения мен Қырғызстаннан әкелінген көліктерді елден шығаратын соңғы күн
m.kolesa.kz

Сәуірде көлікті тіркеу мерзімі 30 қыркүйекке дейін ұзартылған еді. Бүгін рұқсат мерзімі бітті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz  zakon.kz сілтеме жасап.


Енді шетелде тіркелген көліктерді кедендік баж салығын төлеп, біздің елде тіркеу керек немесе Қазақстан шекарасынан ғана емес, ЕЭО аумағынан шығару қажет.


Кедендік талапты бұзғандарды полиция іздеп, көліктер айыптұраққа қойылады. Иесі кедендік бажды толық төлеуге міндеттеледі.


Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, уақытша жүру мерзімі енді ұзартылмайды.



Кеденшілердің айтуынша, Қазақстан азаматтары Беларусь пен Ресейдің көлік құралдарын уақытша әкелу мерзімін ескермей, ЕЭО аумағында сенімхат арқылы пайдалана алады. Ал Армения мен Қырғызстаннан әкелінген көліктерді сенімхат арқылы басқаруға құқығы жоқ.



Елден шығару туралы міндеттеменің Қазақстанда уақытша тіркелген армениялық автокөліктерге (А сериялы сары нөмір) қатысы жоқ.


Мемлекеттік Кірістер комитетінің дерегі бойынша, 2020 жылы наурыздан бастап (елімізде төтенше жағдай енгізілгеннен бері) Қазақстанға 4 708 шетелдік автокөлік уақытша кіргізілген. Қазір олардың 500-і бақылауда. Олар Әзірбайжан, Ауғанстан, Босния және Герцеговина, Германия, Грузия, Исландия, Испания, Литва, Польша, Словения, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Украина мен Франциядан жеткізілген.



 


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #көлік #шектеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы ғалымдары Қазақстан Президентінің Жолдауында айқындалған басымдықтарды талқылады

Бүгін 12:49

Алматыда ғалымдар ЖИ білім беру саласына және жастардың болашағына әсерін талқылап жатыр

Бүгін 12:34

Түркістан облысында полиция жасөспірімді ықтимал қауіптен құтқарып қалды

Бүгін 12:01

Алматыда «Жасыл ел» жобасының аясында 2 мыңнан астам жас жұмысқа орналасты

Бүгін 11:27

Алматы боксшылары Қазақстан чемпионатында үздік нәтиже көрсетті

Бүгін 10:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);