AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Азық-түлік нарығын тұрақтандыруға 12 млрд теңге ба...

Азық-түлік нарығын тұрақтандыруға 12 млрд теңге бағытталды

Әлеумет 15.10.2025, 17:16 604 yakiya
Азық-түлік нарығын тұрақтандыруға 12 млрд теңге бағытталды
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы билігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасының өсуін тежеу мақсатында жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz

2025 жылдың 9 айында ӘМАТ бағасының өсімі 8,4%-ды құрады, бұл орташа республикалық деңгейден (8,1%) сәл ғана жоғары. 

Жағдайды тұрақтандыру үшін жергілікті бюджеттен 12 млрд теңге бөлініп, оның 8,3 млрд теңгесі өндірушілерден тікелей байланысып, Magnum сауда желісінде бағаны бекітуге жұмсалды. Өңірлік коммуникациялар қызметінде қала әкімінің орынбасары Олжас Смағұлов осылай деп хабарлады.

Оның айтуынша, әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі тауар бойынша барлығы 26 мың тонна өнімге келісім-шарт жасалған. Алматыға өндірушілерден тікелей үлкен көлемде өнім үзбей жеткізіліп отырады. Сонымен қатар, қыс-көктем мезгілінде көкөніске байланысты ірі жеткізушілермен меморандумдарға қол қойылды. Қараша айынан бастап келер жылғы мамыр айына дейін 14 мың тоннадан астам өнім үлкен сауда желілеріне жол тартады. Бұл күн суық кезде тапшылық пен бағаның аяқ асты қымбаттап кетунің алдын алуға сеп болмақ.

«Біз үшін басым бағыт – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы. Бұл әр отбасының күнкөрісіне тікелей әсер ететінін жақсы түсінеміз, сондықтан жүйелі ғана емес, жедел әрекет етеміз», – деп атап өтті Олжас Смағұлов.

Жергілікті және өңірлік өндірушілермен бірлесіп жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр, бұл делдалдарды айналып өтіп, алыпсатарлықты азайтады. 

Мұндай тәсіл қаланың азық-түлік қауіпсіздігінің тұрақты жүйесін қалыптастырып, азық-түлікті арзандау бағамен жеткізіп отыруға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #азық-түлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Алматыда мәдени-ағартушылық жұмысты күшейтпекші

Бүгін 14:40

Алматы әуежайында заманауи өнер көрмесі ашылды

Бүгін 14:13

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 12:33

Қостанайда ең ауқымды «QOSTANAI TECH» отбасылық ғылыми-инновациялық фестивалі өтеді

Бүгін 12:17

Алматыдағы этномәдени бірлестіктер ұрпақтар арасындағы байланысты күшейтуге қалай атсалысып жүр

Бүгін 11:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика