AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы әуежайы әлемдік деңгейдегі авиациялық хабқа...

Алматы әуежайы әлемдік деңгейдегі авиациялық хабқа айналады

Барлығы 15.10.2025, 17:37 612
Алматы әуежайы әлемдік деңгейдегі авиациялық хабқа айналады
Элеонора Якия

Қазақстандағы халықаралық жолаушылар ағынының жартысынан астамын қамтамасыз ететін Алматы халықаралық әуежайы жаңғыртылып жатыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Олжас Смағұлов Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында мәлімдеді.

Қала әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, қала әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан жоба бұл өңірдегі ең ірі инфрақұрылымдық өзгерістердің бірі болмақ.

«Алматы халықаралық әуежайына қатысты бізде үлкен жоспар бар, оны Еуразия кеңістігіндегі басты авиациялық хабқа айналдырғымыз келеді. 2029 жылға дейін жеке инвестициялар есебінен әуежайға 360 миллион АҚШ долларынан астам қаржы салынады. Ішкі терминалдар жаңғыртылады, осы заманғы қонақүй, көпдеңгейлі автотұрақ салынып, ұшу-қону жолағы да жөндеуден өтеді», – деді Смағұлов.

2050 жылға дейінгі Horizon бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан әуежайдың даму барысы бес кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңі 2025 жылы басталған, ол 130 жобаны қамтиды.

Бұдан бөлек, рульдік жолақ пен техникалық қызмет көрсету ангарын салу жоспарланып отыр.

Жаңғырту нәтижесінде әуежай Еуропа мен Азияны байланыстыратын авиациялық хабқа айналып, жылына 40 миллион жолаушыны қабылдай алатын болады. Жобаның құрылыс кезеңінде 1800-ден астам жұмыс орны және тұрақты қызмет ету кезеңінде 550 тұрақты жұмыс орны ашылмақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әуежай #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда субұрқақтар қысқы кезеңге кезең-кезеңімен өшіріліп жатыр

Бүгін 15:16

Алматыда «Три богатыря» тұрғын үй кешеніндегі заңсыз қайта құру жұмыстары тоқтатылды

Бүгін 15:13

Алматы әкімдігі жылу болмаған жағдайда қайда жүгіну керектігін еске салды

Бүгін 15:10

Қозғалған жайттардың дені азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге қатысты: Қала әкімі жеке қабылдау өткізді

Бүгін 15:08

Әлемдік MICE-индустрия Алматыға қызығушылық танытып келеді: халықаралық басылым қаланың іскерлік туризмдегі артықшылықтарын атады

Бүгін 14:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);