Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Сенімсіз мердігерлерге қарсы күрес күшейді

Сенімсіз мердігерлерге қарсы күрес күшейді

Әлеумет 15.10.2025, 17:45 497
Сенімсіз мердігерлерге қарсы күрес күшейді
Алматы қаласы әкімдігі

Алматы қаласының әкімдігі мемлекеттік сатып алуларға қатысатын мердігер ұйымдарға қойылатын талаптарды қатаңдатады. Қала билігі мерзімді бұзатын, стандартты сақтамайтын, өз міндетін орындамайтын компанияларды жұмысқа араластырмауды көздеп отыр. 

Бақылауды күшейтумен қатар, республика деңгейінде сатып алу ережелеріне өзгерістер енгізілді, бұл кездейсоқ және әлсіз компанияларды тендерден шеттетуге мүмкіндік бермек. Сонымен қатар, сенімсіз жеткізушілерге айыппұл салып, шектеуді қатаңдатуды көздейтін ұсыныс жасап жатыр. Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында осындай ой айтылды.

«Біз адал бизнеске бар жағдайды жасаймыз. Алматыда адал мердігерлер жұмыс істеуі керек. Міндеттемесін, мерзімі болсын, сапасы болсын, орындамайтын кез келген компанияны біз қоштамаймыз. Ақша тауып, "халтура" жасағысы келетін мердігерлер бұл жерде табыс таба алмайды. Оларға талап күшейеді. Бірақ адал бизнесті біз әрдайым қолдаймыз», — дейді қала әкімінің орынбасары Олжас Смағұлов.

Биылғы 9 айда Алматыда Бірыңғай сатып алуларды ұйымдастырушы жалпы сомасы 752,6 миллиард теңгеге 1 274 байқау өткізген. Оның 491 миллиард теңгесі құрылыс пен инфрақұрылымдық жұмыстарға тиесілі. Бірақ мердігердің кейбірі істі игере алмай, тапсырысты үшінші біреуге өткізіп, жұмысқа кесірін тигізген. Билік мұндай компаниялардың болашақтағы байқауға қатысуына шектеу қойып, бақылауды күшейте түспек.

«Міндетін дұрыс орындамаған мердігерлер біраз әуреледі биыл бізді. Бұған тендерде компаниялардың жалпы тәжірибесі ескеріліп, нысанның күрделілігін сараламағаны себеп болған. Бұрын шағын жұмыс істеген компаниялар үлкен жобаларды жеңіп алды. Министрлік кейін ережеге өзгеріс енгізді: енді тәжірибеге сараланған тәсіл қолданылып, мемлекеттік сатып алуға қатысуы нақты ескерілетін болады», — деді Мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Еркінбек Әмірғалиев.

Алматы қаласы Қаржы министрлігіне бірқатар ұсыныс жолдады:

* Құрылыс жұмысы бойынша аванстық төлемді тапсырыс берушінің құқығы ретінде қарастыру (қазіргі кезде бұл міндетті шарт),
* Сенімсіз жеткізушінің тізімінде болуды 2 жылдан 3 жылға дейін ұзарту,
* Айыппұлды арттыру. Қазіргі кезде айыппұл көлемі тек 0,01 % болғандықтан, бұл тиімсіздеу болып тұр. Алматы билігі оны шарт сомасының 25 % дейін арттырмақ ойда.

«Бюджеттің әр теңгесі тиімді жұмсалуы тиіс, бұл қағида Алматыда нақты жұмыс істеп тұр», — деп атап өтті әкімдік өкілдері.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қала #қаржы #салық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді

Бүгін 17:09

Таяу Шығыстан 7300-ден аса қазақстандық елге оралды

Бүгін 16:00

Марокко сарапшысы: Қазақстанның жаңа Конституциясы адам құқықтарын күшейтеді

Бүгін 14:27

Алматыдағы бизнес өкілдері қала тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

Бүгін 14:25

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті

Бүгін 12:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі