Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қызметтік полиция жобасы нәтижесінде Алматыда қылм...

Қызметтік полиция жобасы нәтижесінде Алматыда қылмыс көрсеткіші азайды

Әлеумет 09.09.2021, 10:01 734
Қызметтік полиция жобасы нәтижесінде Алматыда қылмыс көрсеткіші азайды
Сурет: Polisia.kz

 Қылмыстық құқық бұзушылықтардың ашылу деңгейі 4,1%-ға жақсарды.


Алматы полицейлері қызметтік полиция жобасының нәтижелері туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ішкі істер министрлігінің ресми сайтындағы мәлімет бойынша, полиция жұмысына қызметтік тәсілді енгізу тұжырымдамасы Алматыда ағымдағы жылдың мамырында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың қатысуымен, қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен қоғамдық қауіпсіздік мәселелеріне арналған онлайн-кеңес барысында ұсынылған болатын. Бүгінде жаңа тұжырымдама пилоттық жоба ретінде Бостандық пен Алатау аудандарында сынақтан өтуде.



«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы Жолдауында полиция қызметінің қызметтік жобасының жүзеге асырылатынын жариялады. Сондай-ақ ол оның жұмысының табысы жан-жақты көмектесуі тиіс жергілікті биліктің қатысуына байланысты екенін атап өтті. Жақында ғана Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев, сондай-ақ ел Президенті Әкімшілігінің құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі Алексей Калайчиди Алматының ПД-де болды. Кездесу барысында қаламызда полиция қызметінің моделін енгізу мәселелері талқыланды. Бүгін біз осында жиналып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде қызметтік тәсілді енгізу бойынша пилоттық жобаға қатысты проблемалық мәселелерді талқыладық», – деді Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.




Полиция жұмысының қызметтік моделінің пилоттық жобасы “қадағалаудан” “қызмет көрсетуге” көшуді болжайды. Сонымен қатар полиция азаматтық қоғамның қатысуымен қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың белсенді алдын алуға бағытталған.




«Шаһарда жаяу патрульдер күшейтілді, криминалды аймақтарда модульдік полиция пунктері орнатылуда. Сондай-ақ бейнебақылау желісі кеңейіп, қауіпсіздікті бақылаудың интеллектуалды жүйелері енгізілуде. Қабылданған шаралар ағымдағы жылдың сегіз айында қылмыс деңгейін 7,3%-ға азайтты. Бұл ретте қылмыстық құқық бұзушылықтардың ашылу деңгейі 4,1%-ға жақсарды. Пилоттық жоба құқық бұзушылықтың алдын алу саласындағы мемлекеттік органдардың жұмысын ұйымдастыру тәсілдерін өзгертуге көмектеседі. Алматыда белгілі бір аймақтағы қылмыстық ахуалға егжей-тегжейлі талдау жүргізген ведомствоаралық топ құрылды. Сонымен қатар қауіпсіздік мәселелері бойынша жергілікті қоғаммен жемісті қарым-қатынас орнатты. Мақсат – қоғамның қажеттіліктеріне жауап беретін және онымен серіктестікте жұмыс істейтін кәсіби, өкілетті, есеп беретін орган құру», – деп түйіндеді Қанат Таймерденов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#полиция #Алматы #жоба
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшы Түркияда өткен халықаралық турнирде жүлдегер атанды

Бүгін 17:32

Астанада Перизат Қайратқа тиесілі болған көлік аукционға қойылды

Бүгін 16:45

“Наурыз қазақтың мейрамы емес”. Полиция діни алауыздық тудырған ер адамға қылмыстық іс қозғады

Бүгін 16:06

Зеңгірге құлаш сермеген…

Бүгін 15:13

Шавкат Рахмоновтың әйеліне сот үкімі шықты: ол 5 жылға сотталды

Бүгін 15:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика