Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы қаласының әкімі әлеуметтік және қоғамдық ны...

Алматы қаласының әкімі әлеуметтік және қоғамдық нысандардың құрылыс барысымен танысты

Барлығы 22.10.2025, 14:01 472
Алматы қаласының әкімі әлеуметтік және қоғамдық нысандардың құрылыс барысымен танысты
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары аясында бірқатар құрылыс нысанын аралады.

Атап айтқанда, олар Назарбаев даңғылының батыс жағында, Ганди көшесінің солтүстігінде орналасқан жаңа сквер, сондай-ақ «Алтын Сити» және «Жеті Қазына» тұрғын кешендерінде салынып жатқан мектептер, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Алдымен әкім Назарбаев даңғылының батысында және Ганди көшесінің солтүстігінде орналасқан сквердің құрылысын көріп шықты. Республика күніне орай ашу жоспарланған нысан қазір 97% дайын. 

Сквер аумағында қыста мұз айдыны ретінде пайдаланылатын тоған салынды. Бүгінде жүргіншілер мен жүгіру жолдары, асфальт жабындысы, автосуару және сыртқы жарықтандыру жүйесін орнату жұмыстары аяқталуға жақын. 95 қылқанжапырақты және 228 жапырақты көшет отырғызылды, қосымша 469 қылқанжапырақты және 384 жапырақты бұта, сондай-ақ көпжылдық өсімдіктер егілген. Сонымен қатар ескі қоршаудың металл құрылымдары мен іргетасына реставрация жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Құрылыс толық аяқталған соң сквер қала тұрғындары мен қонақтары үшін жаңа демалыс аймағына айналмақ. Дархан Сатыбалды жарық шамдарының санын арттыруды және көгалдандыру кезінде жергілікті талдар мен бұталардың түріне басымдық беруді тапсырды.

Әрі қарай әкім «Алтын Сити» тұрғын кешенінде 1 500 орындық мектептің құрылыс барысымен танысты. Жоба «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында қолға алынған. Қазіргі дайындық деңгейі 70%. Құрылысқа 130 жұмысшы және 8 бірлік арнайы техника жұмылдырылған. Нысанды осы жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған.

Жоба бойынша мектеп аумағында футбол алаңы, спорт және акт залы, асхана, ойын және спорт алаңшалары, сондай-ақ көріктендірілген аумақ қарастырылған. Мектеп заманауи жабдықтармен және ұлттық стандарттарға сай оқу кабинеттерімен қамтамасыз етіледі.

Сапар соңы «Жеті Қазына» тұрғын кешенінің маңында салынып жатқан 2 000 орындық мектеппен аяқталды. Бұл жоба да «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бой көтеріп жатыр. Нысан 40% дайын. Құрылысқа 95 жұмысшы және 10 бірлік техника тартылған. Мектепті де жыл соңына дейін пайдалануға беру көзделіп отыр. Онда заманауи оқу кабинеттері, спорт және акт залдары, футбол алаңы, асхана, балалар алаңшалары мен көріктендірілген аумақ болады.

Жұмыс сапарын қорытындылаған қала әкімі барлық құрылыс нысанында жұмысшылар мен арнайы техниканың санын көбейтуді, сондай-ақ құрылыс жұмыстарын мерзімінде аяқтауды тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #қоғамдық нысандар #құрылыс барысы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді

Бүгін 17:09

Таяу Шығыстан 7300-ден аса қазақстандық елге оралды

Бүгін 16:00

Марокко сарапшысы: Қазақстанның жаңа Конституциясы адам құқықтарын күшейтеді

Бүгін 14:27

Алматыдағы бизнес өкілдері қала тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

Бүгін 14:25

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті

Бүгін 12:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі