Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / 2026 жылғы бюджет: қаражат нақты қайда жұмсалмақ?

2026 жылғы бюджет: қаражат нақты қайда жұмсалмақ?

Экономика 22.10.2025, 11:06 568
2026 жылғы бюджет: қаражат нақты қайда жұмсалмақ?
depositphotos.com

Үкімет 2026 жылғы бюджеттің негізгі бағыттарына қанша қаражат бөлінетінін анықтады, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында қаржы министрі Мәди Такиев 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет шығыстарының негізгі параметрлерін қарау кезінде Үкімет азаматтардың өмір сүру сапасы мен экономиканың орнықты дамуына басымдық бере отырып, әлеуметтік бағдарланған бағытты жалғастыратынын атап өтті.

Мәселен, Қаржы министрлігінің мәліметінше, денсаулық сақтау саласына 2,7 трлн теңге қарастырылған. Биылмен салыстырғанда бұл қаражат 107 млрд теңгеге артық. Бұл медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Білім және ғылым саласына 901,7 млрд теңге жоспарланған. Білім беру процесінің сапасын жақсарту, дарынды жастарды қолдау және ғылыми орталықтарды дамыту бойынша басымдықтар сақталды.

2026 жылы мәдениет, туризм және спортты дамытуға 263,5 млрд теңге қарастырылған. Мемлекет басшысының тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында мемлекеттік қолдау шараларына кешенді талдау жүргізілді.

2026 жылы экономиканы ынталандыруға шамамен 1,2 трлн теңге жоспарланды, ал нақты секторды дамытуға жұмсалатын қаражаттың жалпы көлемі 540 млрд теңгеге артып, 3,7 трлн теңге болмақ. Бұл шаралар жаңа салалық өсу драйверлерін іске қосуға және елдің инвестициялық әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді.

Негізгі басымдықтардың бірі өңірлерді дамыту болып қала береді. Өңірлерді дамытуға 2026-2028 жылдарға 581 млрд теңге қарастырылған, оның ішінде 2026 жылы - 300 млрд теңге. Бұл жобалар аса маңызды және жалпыхалықтық маңызға ие. Әкімдіктердің дербестігін арттыру мақсатында 2026 жылы өңірлерге трансферттер арқылы 5,1 трлн теңге бағытталады.

Күштік құрылым блогына 2026 жылы 3 трлн теңге бөлінеді, бұл биылмен салыстырғанда 335 млрд теңгеге артық. Осылайша, 2026 жылы қорғаныс шығындары - ЖІӨ-нің 1%-ы.

Қаражат тек жауынгерлік дайындықты қолдауға ғана емес, сонымен қатар жүйелік инновацияларды іске асыруға да жұмсалады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бюджет #шығын #үкімет #қаражат #қаржы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді

Бүгін 17:09

Таяу Шығыстан 7300-ден аса қазақстандық елге оралды

Бүгін 16:00

Марокко сарапшысы: Қазақстанның жаңа Конституциясы адам құқықтарын күшейтеді

Бүгін 14:27

Алматыдағы бизнес өкілдері қала тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

Бүгін 14:25

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті

Бүгін 12:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі