Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қытайдан салт атпен сапарға шыққан жас жұбайлар Ас...

Қытайдан салт атпен сапарға шыққан жас жұбайлар Астанаға келіп тоқтады

Әлеумет 22.10.2025, 12:30 576
Қытайдан салт атпен сапарға шыққан жас жұбайлар Астанаға келіп тоқтады
Сурет: Turkystan.kz

2025 жылғы 21 қазанда Астана қаласына Қытайдан атпен шыққан саяхатшылар - Қуанбек Түсіпханұлы мен жұбайы Жайна Еркінқызы елордаға жетті.

Тарбағатай өңірінен шыққан жас жұбайлардың басты арманы - қазақ елінің жүрегі, бас қаласы Астананы көру болған.

Екі айдан астам уақыт бойы мыңдаған шақырым жол жүріп келген жұпты  «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Мұхаммед Болысбек арнайы қабылдап, құрмет көрсетті.

«Қуанбек пен Жайнаның бұл сапары – отансүйгіштік пен рухани байланыстың ерекше үлгісі. Ата-баба ізімен ат жалында жүріп, Елордаға жету - үлкен ерлік. Біз мұндай азаматтарды әрдайым қолдаймыз. Бұл сапар - Республика күні қарсаңында көңіл толқытқан ерекше оқиға болды», – дейді «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Мұхаммед Болысбек.

Кездесу барысында партия өкілдері саяхатшыларға Астана қаласының дамуы мен елдегі жаңалықтар туралы айтып, естелік сыйлықтар табыс етті.

 

«Біздің армандаған Астанамыз – дәл осындай еңселі, көркейген, рухы биік қала екен. Ата жұртқа, қазақ еліне деген сағыныш пен құрмет – бізді жол бойғы қиындықтарға мойытқан жоқ. Ең бастысы - туған елдің топырағына табан тигізіп, жүрекпен сезіну», - деп ағынан жарылды Қуанбек Түсіпханұлы.

Жайна Еркінқызы да Елорда тұрғындарына көрсеткен құрмет пен қолдау үшін алғысын білдірді.

Айта кетейік, Қуанбек Түсіпханұлы мен Жайна Еркінқызы 2025 жылдың 8 тамызында Қытай Халық Республикасынан, нақтырақ айтқанда Тарбағатай аймағынан аттанып, екі айдан астам уақыт ішінде бірнеше өңірді артқа тастап, Елордаға жеткен. Бұл -  қазақтың көшпелі мәдениетін жаңғыртып, ұлттық рухты дәріптеудің ерекше бір жолы.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сапар #саяхат #жас жұбайлар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді

Бүгін 17:09

Таяу Шығыстан 7300-ден аса қазақстандық елге оралды

Бүгін 16:00

Марокко сарапшысы: Қазақстанның жаңа Конституциясы адам құқықтарын күшейтеді

Бүгін 14:27

Алматыдағы бизнес өкілдері қала тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

Бүгін 14:25

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті

Бүгін 12:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі