Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Таразда республикалық театр фестивалі басталды

Таразда республикалық театр фестивалі басталды

Мәдениет 22.10.2025, 15:35 481
Таразда республикалық театр фестивалі басталды
Cурет: Gov.kz

Биыл Асқар Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театрының 90 жылдығы және қазақтың тұңғыш кәсіби режиссері, ұстаз, ұлы тұлға - Асқар Тоқпановтың 110 жылдық мерейтойы аталып өтуде.

Осыған орай Таразда республикалық театр фестивалі салтанатты түрде бастау алды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Іс-шара басталмас бұрын театр ұжымдары мен әртістер қызыл кілемнен өтіп, өнердің мерейін асырды. Шара барысында қатысушылар қазақ театр өнерінің корифейі - Асқар Тоқпановтың ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.

Салтанатты шарада Қазақстанның халық әртісі, театр және кино өнерінің майталманы Асанәлі Әшімов, сондай-ақ театр және кино актері, Қазақстан театр қайраткерлері одағының төрағасы Тұңғышбай Әл-Тарази құттықтау сөз сөйлеп, Асқар Тоқпановтың ұстаздық және шығармашылық болмысы жайында естеліктерімен бөлісті.

Республикалық театр фестиваліне еліміздің әр өңірінен алты театр қатысуда. Олардың қатарында С.Қожамқұлов атындағы Ұлытау театры, Атырау облыстық Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры, Р.Сейтметов атындағы Түркістан театры, Қ.Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театры, Б.Римова атындағы Талдықорған драма театры және қонақжай Тараздың мақтанышы – Асқар Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театры бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тараз #театр #фестиваль
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді

Бүгін 17:09

Таяу Шығыстан 7300-ден аса қазақстандық елге оралды

Бүгін 16:00

Марокко сарапшысы: Қазақстанның жаңа Конституциясы адам құқықтарын күшейтеді

Бүгін 14:27

Алматыдағы бизнес өкілдері қала тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

Бүгін 14:25

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті

Бүгін 12:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі