Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / 2025 жылдың соңына дейін Алматыда білім ордаларыны...

2025 жылдың соңына дейін Алматыда білім ордаларының тапшылығы алты есе азаяды

Барлығы 22.10.2025, 15:49 468
2025 жылдың соңына дейін Алматыда білім ордаларының тапшылығы алты есе азаяды
Сурет: Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында қала әкімінің орынбасары Бейбіт Шахановтың қатысуымен білім беру саласындағы іске асып жатқан жобаларға арналған брифинг өтті.
 
Әкім орынбасары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, үш ауысымды оқытуды және сыныптардың шамадан тыс толуын жою – басты міндеттердің бірі екенін атап өтті. Бұл тікелей білім сапасы мен оқушылардың жайлылығына әсер етеді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.
 
«Сапалы білім беруге қолайлы жағдай жасау – стратегиялық мақсат. Әр бала қауіпсіз әрі заманауи ортада оқуы үшін жаңа оқу орындарын салып, ғимараттарды жаңартып жатырмыз», – деді спикер.
 
2025 жылы Алматыда барлығы 24 білім нысанының құрылысы аяқталды.
Президент бастамасымен жүзеге асып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 22 500 оқушы орнына арналған 12 жаңа оқу мекемесі бой көтерді. Оның ішінде 7 білім ордасы жаңа оқу жылының басында ашылды.
 
Ашылған білім мекемелері қатарында:
•        №217 – «Самғау» ш/а (2000 орын),
•        №218 – «Қарасу» ш/а (2000 орын),
•        №219 – «Теректі» ш/а (2000 орын),
•        №214 – «Нұрлы дала» ТК (1500 орын),
•        №216 – Райымбек даңғылы, 210 (1500 орын),
•        «Ақбұлақ» шағын ауданындағы оқу кешені (1500 орын),
•        №215 – Розыбакиев–Левитан көшелерінің қиылысы (1500 орын)
білім ордалары бар.
 
Екінші тоқсанда «Құрамыс», «Шұғыла», «Қарағайлы» шағын аудандарында және C.Әшімов пен Егізбаев көшелеріндегі 5 заманауи оқу ордасы іске қосылады.
 
Сонымен қатар, жеке инвесторлар есебінен 11,7 мың оқушыға арналған 8 оқу ғимаратының құрылысы жүріп жатыр. Бұл білім нысандарын қала әкімдігі кейін сатып алып, келесі жылы пайдалануға беру жоспарланған.
 
Жаңа оқу орындары негізінен оқушы орны жетіспейтін, тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатқан аудандарда салынған. Бұл – жаңа форматтағы, заманауи жабдықтармен қамтылған, балаларға барынша қолайлы білім кеңістігі.
 
Бұдан бөлек, Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай 900 орындық, жатақханасы бар Абай атындағы мектеп-интернат салынды. Сондай-ақ Алатау және Наурызбай аудандарында 890 орындық екі жаңа оқу нысанының құрылысы жалғасып жатыр.
 
Бейбіт Шахановтың айтуынша, қалада 17 білім ордасында қауіпсіздік пен сапаны арттыру мақсатында реконструкция және сейсмокүшейту жұмыстары жүргізілуде, ал 5 оқу орны (№161, 33, 10, 189, 191) толық жаңартылды. Сонымен қатар 30 нысанның жөндеу жобалары дайындалуда, оның 26-сы «Мектептерді реновациялау» бағдарламасы аясында іске асырылады.
 
Кешенді жұмыстардың нәтижесінде 2025 жылдың соңына дейін Алматыдағы оқушы орны тапшылығы 34 мыңнан 5–6 мыңға дейін азаяды деп күтілуде.
 
Сонымен қатар әкім орынбасары балабақша құрылысы туралы айтты. Биыл №10 шағын ауданында 160 орындық жаңа балабақша ашылды. Ал «Жас Қанат», «Алтын Бесік», «Шұғыла», «Құрамыс», «Қарағайлы» аудандарында 1260 орынға арналған тағы 5 мектепке дейінгі мекеме салынып жатыр. 9 балабақша қайта жөнделуде, соның ішінде «Орбита-3» шағын ауданындағы бұрынғы ғимарат жаңартылып, 480 орындық заманауи балабақшаға айналды.
 
Тағы 16 мектепке дейінгі нысан бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайындалып жатыр, оның төртеуінің құрылысы 2026 жылдың алғашқы тоқсанында басталады.
 
Қалада қосымша білім беру инфрақұрылымын дамытуға да ерекше көңіл бөлінуде. Биыл Вахтангов көшесінде күніне 900 бала қабылдай алатын шығармашылық даму орталығы салынды. Ал «Саялы» шағын ауданында 1350 орындық ірі орталықтың құрылысы жүріп жатыр, ол 2026 жылдың қыркүйегінде аяқталады.
 
Қала әкімінің орынбасары атап өткендей, «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында техникалық мамандықтардың беделін арттыру үшін қалада 1770 орындық және 418 жатақхана орны бар екі колледж салынып жатыр. Олар телекоммуникация, машина жасау және инновациялар бағытындағы мамандарды даярлайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #білім ордалары #тапшылық #орын
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді

Бүгін 17:09

Таяу Шығыстан 7300-ден аса қазақстандық елге оралды

Бүгін 16:00

Марокко сарапшысы: Қазақстанның жаңа Конституциясы адам құқықтарын күшейтеді

Бүгін 14:27

Алматыдағы бизнес өкілдері қала тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

Бүгін 14:25

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті

Бүгін 12:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі